«KTZ Express» АҚ кірістер мен шығыстарды есепке алу департаментінің кешенді және өзге де тасымалдар бойынша функционалдық бағытының менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қызметтерді жеткізушілерден (бірлесіп орындаушылардан) келісілген деректерді ШЖК – "тасымалдау" жүйесіне импорттауды (құюды) және Қоғамның клиенттері бойынша шығыстарды кіріс ставкасына байланыстыруды бақылауды қамтамасыз етеді;
- Көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерден (бірлесіп орындаушылардан) бастапқы құжаттарды және орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерін, клиенттердің шот-фактураларын бухгалтерлік және салықтық есепке алу департаментіне уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
- Бекітілген жоба картасы шеңберінде Қоғамның тасымалдары мен шығыстарының қымбаттауына жол бермеу мақсатында қызметтерді жеткізушілермен (бірлесіп орындаушылармен) белгіленген мерзімдерді сақтай отырып, талап қоюды жүргізу бойынша сапалы жұмысты ұйымдастырады;
- Қызмет көрсетушілерге уақтылы төлем жүргізу үшін жасалған шарттардың талаптарына сәйкес ақшалай қаражатты бөлуді уақтылы жоспарлайды;
- Автоматтандырылған басқару жүйесінде қызметтерді жеткізушілермен (бірлесіп орындаушылармен) жасалған шарттардың, қосымша келісімдердің, шарттық бағалар хаттамаларының және басқа да құжаттардың болуына бақылау жүргізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі);
Мамандығы: Логистика (терминалдық-қойма қызметі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Экономика; құқықтану; Менеджмент; бағалау; Аймақтану; Халықаралық қатынастар; Кеден дело; Есеп және аудит; Қаржы және несие; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; - Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар


