"KTZ Express" АҚ - "ҚТЖ Экспресс" (Қазақстан) филиалы директорының коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары (Мәскеу қаласы)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қаржы-шаруашылық қызметті басқару, бөлімшелер жұмысының үйлестірілуі.
- Оперирование (вагондар) және экспедиторлық қызметтер бойынша сату жұмыстарын ұйымдастыру және дамыту.
- Ресей Федерациясында жаңа клиенттерді іздеу, жүк жөнелтушілер және жүк алушылармен тікелей байланыс орнату.
- Жеке вагон паркін тиеуді бақылау, маршруттарды оңтайландыру, Қазақстан Республикасына кері жүктемені қамтамасыз ету.
- Сапа стандарттарын қамтамасыз ету, әдістемелік материалдарды әзірлеу, шағымдармен жұмыс жүргізу.
- Ресей нарығында қызметтерді ілгерілету бойынша жарнамалық іс-шараларды ұйымдастыру.
Біліктілік талаптары:
- Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика; тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; менеджмент; маркетинг; халықаралық қатынастар; заңтану; халықаралық құқық; автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол саласындағы мамандықтар.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде кемінде 3 жылы – басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі болуы қажет.
Қосымша талаптар:
Білуі тиіс:- Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, соның ішінде:
- теміржол көлігімен тасымалдау кезінде немесе өзге де іргелес салаларда бухгалтерлік есеп жүргізу тәртібін;
- РСБУ (Ресей бухгалтерлік есеп стандарттары) және ХҚЕС (Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары) талаптарын;
- 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 402-ФЗ "Бухгалтерлік есеп туралы" Федералдық заңын;
- "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңды;
- "Теміржол көлігі туралы" Заңды;
- "Халықаралық жүк қатынасы туралы келісімді";
- "Халықаралық тарифтік қатынаста жүктерді тасымалдау тарифтік саясатын";
- "Теміржол көлігімен жүк тасымалдау қағидаларын";
- және лауазымдық міндеттері шеңберінде қолданылатын өзге де нормативтік-құқықтық актілерді.
Қосымша талаптар:
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу,
- Windows, Excel, 1С: Бухгалтерия, 1С: Еңбек ақы және кадрларды басқару бағдарламаларымен жеке компьютерде жұмыс істей білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
- Орыс тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар


