«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жол және құрылыс департаментін жобалау бойынша функционалдық бағыттың бас менеджері (19 грейд)

от 561449
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ "Магистральдық желі дирекциясы" филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
88

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Жұмыс жобаларын әзірлеу және іздестіру жұмыстары мәселелері бойынша жол және құрылыс департаментін жобалау бойынша функционалдық бағытқа басшылықты қамтамасыз етеді;
  • іздестіру жұмыстарының айлық, жылдық, перспективалық жоспарларын жасайды олардың орындалуын бақылайды;
  • жобалау бойынша функционалдық бағыттың ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жоспарларының орындалуына бақылау жүргізеді;
  • агистральдық желі дирекциясының қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен жобалық құжаттаманы келісудің уақтылы өтуіне бақылау жүргізеді;
  • әзірленген жобалау-сметалық құжаттаманың уәкілетті сараптама ұйымдарына уақтылы берілуіне бақылау жүргізеді;
  • тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және басқару жөніндегі жұмыстардың жүргізілуіне бақылау жүргізеді; нормативтік құжаттардың, стандарттардың, компанияның, дирекцияның жергілікті актілерінің жобаларын әзірлеуге, қайта өңдеуге қатысады;
  • Департаментті жобалау бойынша менеджерлер әзірлейтін функционалдық бағыттағы жобалау құжаттамасын техникалық тапсырмамен, нормативтік-техникалық құжаттамамен, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау нормаларымен, ҚР құрылыс нормалары мен ережелерімен әзірлейді және келіседі; темір жолдарды күрделі жөндеу бойынша қажетті жобалық құжаттамамен қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Құрылыс; Көлік, көліктік техника және технологиялар; көтергіш-көліктік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану;
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы