"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС адам ресурстарын басқару департаменті персоналды оқыту және дамыту басқармасының аға маманы (негізгі қызметкер болмаған уақытта)

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
209

   Конкурс туралы
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
1. Білім:
Тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік білім.

2. Жұмыс тәжірибесі:
- Кәсіби салада кемінде 2 жыл жалпы еңбек өтілі бар.
- Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда не лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда кемінде 1 жыл болғаны жөн.
- Басшылық лауазымдарда еңбек өтілі талап етілмейді.

3. Қажетті білім:
- Қазақ тілін меңгеру.
- ҚР нормативтік құқықтық актілерін және қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру саласындағы әдістемелік материалдарды білу.
- Компанияның құрылымын, мамандануын, даму перспективаларын және кадр саясатын түсіну.
- Оқу жоспарларын, құжаттамаларды, оқыту тиімділігін талдау әдістемелерін жасау тәртібін білу.
- Қызметкерлерді дамыту мәселелері бойынша серіктестіктің ішкі нормативтік базасын білу.
- Оқыту бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау қағидаларын меңгеру.
- Есептеу және коммуникациялық техниканы пайдалану негіздерін білу.

4. Қажетті дағдылар:
- Аналитикалық және ұйымдастырушылық жұмыс.
- Ауызша және жазбаша іскерлік қарым-қатынас, келіссөздер жүргізу дағдылары.
- Құжаттаманы жүйелеу және жүргізу кезінде заманауи ақпараттық технологияларды меңгеру.

5. Функционалдық міндеттері:
- Оқыту іс-шараларын жоспарлау және ұйымдастыру.
- Оқу процесін басқару.
- Тиімділік мониторингі, сауалнама жүргізу, есептер дайындау.
- Оқыту мәселелері бойынша ішкі және сыртқы құрылымдармен хат алмасу.
- Қызметкерлерге оқыту іс-шаралары бойынша кеңес беру.
- Оқыту нәтижелері бойынша ақпаратты жүйелеу.
- Басқару жобаларына қатысу.
- Басшының тапсырмаларын, еңбек шартының талаптарын және лауазымдық нұсқаулықты орындау.
- Серіктестіктің заңнамасын, Жарғысын және ішкі актілерін сақтау.
- Уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру.

Ерекше шарттар: жоқ
Ескертулер: жоқ