HR және ұйымдастыру жұмысы департаментінің топ жетекшісі - бас менеджері

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
594

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Персоналмен жұмыс істеудің толық циклына қатысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу, оларды жаңарту;
  • Кәсіпорын қызметкерлерінің ынталандыру жүйелерін әзірлеу және енгізу (материалдық және моральдық ынталандыру жүйелерін әзірлеу, кәсіпорынның жоғары экономикалық, техникалық және әлеуметтік көрсеткіштеріне қол жеткізуге ықпал ететін; қызметкерлерге әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеу; жекелеген мамандарға материалдық және моральдық артықшылықтар беру бойынша ұсыныстар әзірлеу және т.б.);
  • Ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес персоналды кезеңдік бағалау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Департаменттің қызметі шеңберінде Басқарма, Директорлар кеңесіне құжаттарды дайындау;
  • Ұйымдық құрылым мен штаттық кесте жобасын әзірлеуге қатысу, оны Директорлар кеңесінде бекіту үшін қажетті құжаттарды дайындау;
  • Персонал бойынша шығындарды есептеу және негіздеу (еңбекақы қоры, әлеуметтік төлемдер және т.б.) бойынша даму жоспары шеңберінде, қаражатты бақылау және талдау;
  • Персонал бойынша шығындар баптарын тұрақты мониторингтеу, сәйкессіздіктерді жою бойынша уақтылы шаралар қабылдау;
  • СНR құзыретіне кіретін мәселелер бойынша даму жоспарын түзету жұмыстарына қатысу;
  • Ішкі нормативтік құжаттарды, еңбек кодексін жаңарту мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне консультация беру;
  • Бақылауындағы мәселелер бойынша тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді дайындау және талдау;
  • Қызметкерлердің жетістіктерін ынталандыру және тану мәселелері бойынша деректер базасын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Қызметкерлерді ынталандыру және марапаттау үшін материалдарды дайындау;
  • Грейдтер мен еңбекақы схемаларын әзірлеу кезінде лауазымдардың талдауын жүргізу және лауазымға сәйкестігін бағалау;
  • Қоғамда персоналды басқару процестеріне/шараларына қатысу;
  • Қоғам қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша келісу.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби (экономикалық/заңгерлік) білім.
  • Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі (ЖОО-да оқуды есептемегенде) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес, кемінде 5 (бес) жыл, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ-ның топтарында кемінде 1 (бір) жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда немесе ұлттық даму институттарында жұмыс тәжірибесі артықшылық болып табылады;
  • Лауазымның мамандануына сәйкес Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін, Еңбек кодексін білу;
  • Персоналды басқару және кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану дағдылары;
  • Қазақ және орыс тілдерін жетік білу.

Шарттар:

  • РК ТК бойынша ресімдеу;
  • Жұмыс кестесі 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін;
  • Әлеуметтік пакет, демалысқа материалдық көмек;
  • KPI орындау бойынша сыйлықақы төлемдері.