"ҚТЖ" ҰК "АҚ "Ақмола магистральдық желі бөлімшесі" филиалының " Нұрлы Жол" теміржол вокзал кешенінің технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің вокзал кешенінің кезекшісі
- Құрылған күні:
-
09.09.2025
- Берілген өтінім:
- 2
- Қаралған саны:
- 22
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. жауапкершілік аймағында жолаушылар мен келушілерге қызмет көрсету бөлігінде вокзал кешенінің технологиялық процесін тиісінше ұйымдастыруды қамтамасыз етеді2. жауапкершілік аймағында жолаушылар мен келушілерге жүгіну тілінде шынайы және жан-жақты анықтамалық ақпарат беруді қамтамасыз етеді. Жауапкершілік аймағында анықтамалық ақпарат беру кезінде вокзал кешені кезекшілерінің әрекеттерінің дұрыстығына бақылау жасайды
3. вокзал кешенінің жолаушылары мен келушілеріне, олардың бірінші талабы бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынуды қамтамасыз етеді
4. жауапкершілік аймағында жалпы пайдалану орындарының санитариялық – техникалық талаптарға сәйкестігіне, оның ішінде жолаушылар платформалары мен жолдардың қардан/мұздан және қоқыстан уақтылы тазартылуына тексеру жүргізеді. Жолаушылардың өмірі мен денсаулығына және поездар қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда тікелей басшыны хабардар етеді және тиісті акт жасайды
5. өзінің жауапкершілік аймағында ақпараттық – анықтамалық сипаттағы құралдардың (табло, мониторлар, маңдайшалар, стендтер, навигациялық көрсеткіштер, тақтайшалар, жол көрсеткіштері және т.б.) жұмыс істеуін бақылайды. Жұмыс істемеген жағдайда дереу тікелей басшыға хабарлайды, акт жасайды
6. Жауапкершілік аймағында жолаушылар ағынын К және М блоктарындағы вагондардың орналасуын ескере отырып, ұтымды бөлуін ұйымдастырады, жолаушылардың эскалаторлар арқылы түсуі/көтерілуі кезінде аралықты сақтай отырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, эскалаторларды пайдалану қағидаларын сақтамау салдарынан жолаушылардың жарақат алуына жол бермейді. Балалары бар жолаушыларды, егде жастағы адамдарды немесе көп багажбен жүргендерді жолаушылар лифтіне бағыттауды қамтамасыз етеді. Жолаушылардың шамадан тыс жиналуы (жолаушылар ағынының қозғалысында кептеліс пайда болуы және басқа да стандартты емес жағдайлар, оның ішінде эскалаторларда) жағдайында жолаушылар ағынын тоқтату бойынша жедел шаралар қабылдайды: қоршау ленталарын созу, эскалаторды тоқтату.
7. жауапкершілік аймағында дауыс зорайтқыштың жұмысына, сондай-ақ диктордың дауыс зорайтқыш арқылы хабарлайтын ақпараттың уақыттылығына, анықтығына, толықтығына және өзектілігіне, оның хабарлау регламентін сақтауына бақылау жасайды
8. жауапкершілік аймағындағы медицина қызметкерін уақытылы шақырады, оны талап ету орнына жеткізу бойынша жедел шаралар қабылдайды
9. бекітілген алгоритмге және кіру схемаларына сәйкес қолайлы маршруттар арқылы жедел медициналық жәрдемді (103) аумаққа кіру/ шақырту орнына келу/аумақтан шығу кезінде сүйемелдеу арқылы кедергісіз жүруді қамтамасыз етеді
10. платформалардың техникалық жай-күйіне және ондағы жабдықтың (мониторлар, көрсеткіштер, тақтайшалар, шұңқырлардың болуы, тактильді плиткалардың бекітілуі, жарықтандыру, инженерлік конструкциялардың тұтастығы мен бекітілуі және т.б.) үздіксіз жұмыс жағдайында болуын бақылауды жүзеге асырады. Жолаушылар мен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін ақаулар болған кезде тікелей басшыға дереу хабарлау, акт дайындайды
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Ұқсас вакансиялар

