1 деңгейдегі Менеджер жылжымалы құрамды пайдалану және жедел жұмыс және қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі топ" Жолаушылар тасымалы "АҚ"қала маңындағы тасымалдар" филиалы

от 513173
Филиал "Пригородные перевозки" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
234

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиалдың учаскелерінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарына басшылық жасау.
  • Филиал қызметкерлерін қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған жағдайлар туралы хабардар ету, олардың тергеуге қатысуын қамтамасыз ету.
  • Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол берілген жағдайлар бойынша жедел ақпаратты жоғарғы Қоғамдардың қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизорлық аппараттарына және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитетінің сұрауы бойынша дайындау және жолдау.
  • Жолаушылар және қала маңындағы пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі жағдайына ай сайынғы, тоқсандық, жарты жылдық, жылдық жиынтық талдау дайындау.
  • Филиалдың аймақтық учаскелерінде техникалық ревизиялар мен бақылау тексерістерін (шығып) ұйымдастыру және өткізу, «Қауіпсіздік күніне» қатысу және тексерулер барысында анықталған кемшіліктердің жойылуын бақылауды қамтамасыз ету, жалпы Филиал бойынша апаттылықтың алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу, техникалық ревизиялар, бақылау тексерістері және техникалық аудиттерді ұйымдастыру және өткізу.
  • Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жағдайларын, ақауларды, техникалық құралдардың істен шығуын есепке алу, материалдарды уақытылы қарау және аймақтық учаскелерден ұсынуын бақылау, сондай-ақ тергеу барысына қатысу және қадағалау.
  • Қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылау, филиалдың аймақтық учаскелерімен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық іс-шараларды жоспарлау мен орындауды бақылау.
  • Филиалдың қозғалыс қауіпсіздігіне қатысты жергілікті актілерін әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылау, жолаушылар пойыздары мен МВПС қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, өзгерту және толықтыру бойынша ұсыныстар дайындау.
  • Филиал бойынша селекторлық кеңестерге, есептерге арналған материалдарды жинақтау.
  • Жолаушылар және локомотив бригадаларының біліктілігін арттыру және даярлауға қатысу, профилактикалық жұмыстың деңгейін арттыру, жолаушылар пойыздары мен МВПС қозғалыс қауіпсіздігін күшейту мәселелері бойынша жұмыс жүргізу.
  • Қызметкерлердің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты нормативтік-техникалық актілерді, жергілікті актілерді, лауазымдық нұсқаулықтарды білуін кезеңдік тексерулердің жүргізілуін бақылау және осы тексерістерге қатысу.
  • Подвижной составтағы ақауларды, кідірістерді және жоспардан тыс жөндеулерді тергеуге қатысу.
  • Жолаушылар вагондары мен МВПС-ті көктемгі және күзгі комиссиялық қарауларға, сондай-ақ аймақтық учаскелердің жазғы және қысқы тасымалдарға дайындық жұмыстарына қатысу.
  • Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыс жоспары мен іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
  • Сапар мақсатына қарамастан желіге шыққан кезде жөндеуден шыққан подвижной составты, межжөндеу жүрістерін, техникалық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізілуін, сондай-ақ локомотив бригадаларының оған қатысуын тексеру.
  • Аймақтық учаскелердің пайдалану жөніндегі машинист-нұсқаушылары мен орынбасарларының жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
  • Поездардың қозғалысына қатысты Филиал қызметкерлерінің емтихандарын және аттестацияларын өткізуге қатысу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі), темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша). 
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр