Хатшы-референт (аутстаффинг бойынша)
«КазРосГаз» ЖШС Алматы қ.Міндеттері:
-
Бірінші басшының және оның орынбасарларының (бұдан әрі – Басшылар) әкімшілік-басқару қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету жұмысын жүзеге асырады;
-
Басшылардың қарауына келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды, қабылданған шешімге сәйкес құрылымдық бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға оларды жұмыс барысында пайдалану немесе жауап дайындау үшін жолдайды;
-
Басшылардың қол қоюына құжаттар мен жеке өтініштерді қабылдайды, құжаттар мен материалдарды дайындайды;
-
Орындауға келіп түскен құжаттарды құрылымдық бөлімшелер мен нақты орындаушылардың уақтылы қарауын және ұсынуын қадағалайды, Басшыға жолданатын дайындалған құжат жобаларының дұрыс ресімделуін тексереді;
-
Басшылардың телефон арқылы келіссөздерін ұйымдастырады, олардың жоқ кезінде алынған ақпаратты жазып алады және оның мазмұнын жеткізеді, қабылдау-байланыс құрылғылары арқылы ақпаратты, телефонограммаларды жеткізеді және қабылдайды, байланыс арналары арқылы алынған ақпаратты Басшыларға уақтылы жеткізеді;
-
Басшы өткізетін жиналыстар мен кеңестерді дайындау жұмысын жүргізеді (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды өткізу уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабарлау, оларды тіркеу);
-
Басшылардың жұмыс орнын қажетті ұйымдастырушылық техникамен, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етеді, тиімді жұмысқа жағдай жасайды;
-
Басшылықтың іссапарларында әуе билеттерін брондау және сатып алу, қонақ үйлерде нөмірлерді брондау жұмыстарын жүзеге асырады.
Талаптар:
-
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (арнайы орта, орта кәсіптік) білім және мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі;
-
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (қалаулы) .
Жұмыс шарттары:
-
Жұмыс уақытының тәртібі – күніне 8 сағат, 08:30-дан 18:00-ге дейін, үзіліс – 12:30-дан 14:00-ге дейін, демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Қажетті қабілеттер
- Исполнение личных поручений руководителя
- -умение принимать решения и нести ответственость за них ;
- исполнение поручений руководителя
- * Эффективная работа в команде
- - административная поддержка руководителя
- -Ответственность
- быстрая обучаемость, комуникабельность
- * Дисциплинированность и ответвенность
- - составление служебной документации и отчетности в рамках выполняемых функций
- владение государственным и русским языками
- владение оргтехникой и другими техническими средствами управленческого труда
Ұқсас вакансиялар

