Пайдалану департаменті энергетикалық жабдық бөлімінің инженері
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.Міндеттері:
-
1) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) жекелеген құрылымдық бөлімшелерінің (бұдан әрі - ЖҚБ) жылу және электржабдығын қауіпсіз пайдаланудың қамтамасыз етілуін бақылау;
2) Қоғамның энергетикалық және табиғат қорғау жабдығын, энергия жүйелерін және электрхимиялық қорғау құралдарын пайдалануды және уақытында жөндеуді ұйымдастыру, электр және жылу энергия объектілерін энергиямен және басқа энергия түрімен үздіксіз қамтамасыз ету, Қоғам ЖҚБ энергетикалық ресурстарын үнемдеу режимін сақтаумен оларды оңтайлы шығындалуына бақылау ұйымдастыру;
3) магистральдық құбырлардың өндірістік объектілерінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі, объектілерді күзгі-қысқы кезеңдегі және көктемгі су тасқын кезеңіндегі жұмысқа даярлау жөніндегі ұйымдастыру – техникалық іс-шаралары жоспарының уақытында жасалуын және орындалуын бақылау, Қоғам ЖҚБ аварияларды жою жоспарының әзірленуін бақылау;
4) Қоғам ЖҚБ отын-энергетикалық ресурстарының тиімді пайдаланылуын, энергиялық қондырғылардың сенімді және үнемді жұмысын арттыру, оларды пайдалану кезінде қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларын қалыптастыру. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының, электр және жылу қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуына, сондай-ақ электр және жылу жабдығы мен желілерді пайдалауға бақылауды жүзеге асыру;
5) Бөлім жетекшілік ететін позициялар бойынша жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыру және орындау. Қолданыстағы заңнамаға, нормативтік құжаттар мен қағидаларға сәйкес тендерлік құжаттама жасауды ұйымдастыру, шарттардың жобаларын даярлау, жетекшілік ететін мәселелер бойынша шарттардың орындалуын және олардың төленуін бақылау;
6) Қоғам құзыреті шегінде, жетекшілік ететін шығындар баптары бойынша Қоғамның бизнес-жоспарын қалыптастыруға қатысу, бюджетті уақытында игеру бойынша шаралар алу, бюджеттік қаражаттардың орындалуы туралы есептер даярлау;
7) Қоғам ЖҚБ тұрған электр және жылу жабдығын сақтауды, бар болуы мен қозғалысын есепке алуды ұйымдастыру, сондай-ақ электр және жылу энергиясының, отынның шығысын, энергия шаруашылығының, авариялар мен олардың себептерінің есебін жүргізу және талдау;
8) электржабдықты және электрқондырғыларын, қазандарды және өзге энергетикалық жабдықты пайдаланумен байланысты санаттық емес аварияларды тексеру жөніндегі комиссияларға, сондай-ақ олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларын әзірлеуге қатысу;
9) Қоғам өндірістік объектілеріндегі өндіріс қауіпсіздігі және еңбек қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссиясының аясында Қоғам объектілерін инспекциялау;
10) энергетикалық және жылуэнергетикалық қондырғылардың техникалық жай-күйі үшін жауапты жұмыскерлерді электрлік қауіпсіздік бойынша оқытуға және білімдерін тексеруге қатысу.
11) тікелей басшымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен оған жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Талаптар:
- Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім (энеретика).
- Мамандығы бойынша кемінде 3 (үш), мұнайгаз саласында кемінде 1(бір) жыл жұмыс өтілі.
Ұқсас вакансиялар


