Жетекші менеджер (Еңбек және жалақы басқармасы )
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық жауапкершілік:
• Жалақыны (еңбекке ақы төлеу қорын) уақтылы есептеу және төлеу, сондай-ақ жұмыскерлерге жанама кірістерді есептеу; • Жалақыны, салықтарды және еңбекке ақы төлеуден аударымдарды есептеу, 1С ДҚ-на, штаттағы және штаттағы емес (қажет болған жағдайда) жұмыскерлерге еңбекке ақы төлеуден басқа да аударымдарға жалақы төлеу процесін бақылау; • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақыдан ұстап қалудың барлық түрлерін жүзеге асыру; • Еңбекке ақы төлеу, салықтар және еңбекке ақы төлеуден аударымдар бойынша мониторинг және заңнаманы қолдану; • Стат басқармаға еңбекақы төлеу, жұмыс уақытын есепке алу бойынша есептілікті жүргізу және ұсыну (1Т, 2Т және т.б.). • Коммуникация, Компанияның жұмыскерлерімен еңбекақы төлеу, салықтар және еңбекақы төлеуден аударымдар бойынша түсіндіру сұхбаттары; • Еңбекке ақы төлеу, салықтар және еңбекке ақы төлеуден басқа да аударымдар, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу жөніндегі есептілік бойынша 1С ДБ жетілдіру және автоматтандыру; • Тікелей басшыға өз бағыты бойынша процестерді жақсарту, оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сектордың жұмыс процестеріне қатысу; • Жалақыны есептеу үшін кіріс бастапқы құжаттаманы (еңбекке ақы төлеу қорын): жеке құрам бойынша бұйрықтардың көшірмелерін, еңбекке ақы төлеу бойынша өндірістік бұйрықтардың көшірмелерін, еңбек шарттары мен қосымша келісімдердің көшірмелерін, жұмыс уақытын есепке алу табельдерін, Компанияның басқа да ішкі актілерін және еңбекке ақы төлеу мен жалақы төлеуге қатысты басқа да сыртқы кіріс құжаттарын қабылдайды және бақылайды. 1С ДБ-да тиісті есептеулер мен төлемдерді жүргізеді. Есептелген жалақының оны беруге сәйкестігіне бақылайды; • Жабу кезінде бухгалтерлік есеп шоттарында еңбекке ақы төлеу және салық және еңбекке ақы төлеуден аударымдар бойынша корреспонденцияны көрсету; • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жалақыдан ұстап қалуды жүргізеді, барлық тиісті негіздердің болуын бақылайды; • Тиісті негіздер бойынша жанама кірістерді есептеуді жүзеге асырады; • Компанияның тиісті бағдарламалық жасақтаманда іссапар төлемдерін, жалақы және әлеуметтік сипаттағы басқа да төлемдерді төлеуді жүргізеді; • Мемлекеттік мекемелерге ұсыну үшін немесе Компания жұмыскерлерінің сұрауы бойынша талап ету орны бойынша жалақы туралы анықтамаларды дайындайды және береді; • Компания жұмыскерлеріне есеп айырысу парақтарын дайындайды және береді; • 1С ДҚ-на Компания жұмыскерлерінің төлем карточкалары бойынша деректерді енгізеді, сондай-ақ өзгерістер енгізеді; • 1С ДҚ-на жалақы (еңбекке ақы төлеу) бойынша есептілік параметрлеріне өзгерістер енгізеді; • 1С ДҚ Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар бөліміне осы бағыттардағы заңнаманың өзгеруі шеңберінде еңбекақыны есептеу (еңбекақы төлеу) және еңбекақыдан аударымдар бойынша міндеттер қояды; • Еңбекке ақы төлеу шығындарын және салықтарды, еңбекке ақы төлеуден аударымдарды бюджеттеу процесіне қатысады, деректерді формуляр түрінде ispef жүйесіне (біріктірілген жоспарлау жүйесі) енгізу; • Еңбекке ақы төлеу қоры, еңбек төлемінен салықтар мен аударымдар бойынша бюджеттің игерілуін талдауға, мониторингілеуге қатысады; • Ауыстыру, қабылдау кезінде Компания бойынша жалақыға талдау жүргізу және тариф пен жалақы бойынша одан әрі ұсыныс жасау; • Еңбекке ақы төлеу, өтемақылар мен жеңілдіктер саласындағы еңбек нарығын талдау. Жалақы (жалпы-индустриялық, мамандандырылған, өңірлік, халықаралық) шолуларына қатысу; • Өтемақы төлемдері, әлеуметтік пакеттер бойынша жергілікті еңбек нарығының мониторингі, нарық үрдістері мен компанияның жағдайын талдайды; • Еңбекке ақы төлеу, материалдық және материалдық емес ынталандыру жүйесін жетілдіру үшін ұсыныстар енгізеді; • Жалақыны (еңбекке ақы төлеуді) есептеу жөніндегі қолданыстағы жүйелер мен рәсімдерді қолданудың тиімділігін зерделейді, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды; • Еңбек және жалақы секторының белгіленген есептілік кестесіне сәйкес сапалы және белгіленген мерзімде есептілікті дайындайды, есептілікті ЕКАР платформасына жүктейді, пошта арқылы жібереді немесе стат.есептілік сайтына енгізеді, жалақыны есептеу және төлеуге байланысты тиісті сұрауларды өңдейді; • Еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша Ұжымдық шарттың жобасын дайындауға қатысады; • Ішкі мақсаттар үшін еңбекақы төлеу, салықтар және еңбекақы төлеуден аударымдар, сыртқы тексерулер мен аудит бойынша есептілікті сапалы, белгіленген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде дайындайды; • Жалақыны (еңбекақы төлеу қорын) есептеу үшін құжаттарды қалыптастыру, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Архивті қалыптастырады; • Еңбек және жалақы секторының рәсімдерін, нұсқаулықтарын, ережелері мен саясаттарын әзірлеуге қатысады; • Жалақыны есептеу мен аударуға және тиісті салықтар мен еңбекақы төлеуден аударымдарға қатысты өзгерістер бойынша ҚР заңнамасының мониторингі және олардың іске асырылуын бақылау; • ҚР нормативтік құқықтық актісіне сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық жарналарды есептеудің, ұстап қалудың (есептеудің) және аударудың сәйкестігін бақылайды; • ЕМС бойынша ашық конкурс өткізуге қатысады, техникалық талдау жасайды, Компанияның ішкі рәсімдеріне сәйкес негізгі шарттың мерзімі ішінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушімен негізгі шарттың, қосымша келісімдердің жобасын дайындауға қатысады (1С ДҚ PR құрады, Қызметтерге сұраным бланкісіне, мүдделер қақтығысының болмау нысанына қол қояды); жұмыскерлер арасында ЕМС бойынша сауалнама жүргізеді. Медициналық қызметтер/шағымдар мен ұсыныстар мәселелері бойынша сақтандыру компаниясымен бірлесіп одан әрі жұмыстарды орындайды. ЕМС мәселелері бойынша Компания жұмыскерлеріне жетекшілік ету, кеңес беру;Білім:
• Жоғары экономикалық; • Біліктілікті арттыру курстары/тренингтер: басқарушылық есеп, қаржылық есеп, салық және құқық, материалдық және материалдық емес ынталандыру, еңбекақы төлеу қоры бойынша бюджеттеу және есептілік, вахталық жұмыс әдісі кезінде еңбекақы төлеу.Дағдылар:
• Компанияның даму мақсатын, стратегиясын, миссиясын, пайымы мен келешегін білу (бейімделу кезеңінен өту бойынша); • Кадрлық басқарудың негіздерін білу; • Ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамадан өту тәртібін білу;Қосымша:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары; • Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары; • ҚР заңнамалық және өзге де НҚА, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және есептілікті жасау жөніндегі әдістемелік және басқа да материалдар; • Шоттардың жоспары және корреспонденциясы; • Экономика негіздері; • Еңбекке ақы төлеу, материалдық және материалдық емес ынталандыру нысандары мен жүйелері; • Жалақыны және еңбекке ақы төлеуге қатысты төлемдердің басқа да түрлерін есептеу схемалары; • Жалақы бойынша көрсеткіштерді есепке алу және талдау әдістері; • Компаниядағы бухгалтерлік есеп әдістері; • Өндіріс технологиясының негіздері (Компанияға қабылдау күнінен бастап 3 айлық жұмыс мерзімінен өту бойынша); • Қазақстан Республикасының Еңбек және еңбекке ақы төлеу жөніндегі заңнамасы; • Салық заңнамасы және жалақыдан салық салуды және өзге де шегерімдерді реттейтін басқа да НҚА; • Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелері мен нормалары. Материалдық ынталандырудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарларын есептеу схемалары; • Өтемақылар мен жеңілдіктер бойынша жүйелердің түрлері; • Жалақыны және еңбекке ақы төлеуге қатысты төлемдердің басқа да түрлерін есептеу схемалары; • Жұмыстар мен жұмысшыларды тарифтеу және лауазымдық тарифтік мөлшерлемелерді, еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес басқа да төлемдерді белгілеу тәртібі; • Еңбек және жалақы жөніндегі есептілікті жасау тәртібі; • Статистикалық талдау әдістері; • Еңбек және жалақы көрсеткіштерін есепке алу және талдау әдістері; • ҚР салық заңнамасы және жалақыдан салық салуды және өзге де шегерімдерді реттейтін басқа да НҚА;Білетін тілдер:
• Орыс және ағылшын тілдерін білу (жазбаша және ауызша);Ұқсас вакансиялар

Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
15.06.2025 | 173

HR бизнес-серіктес
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
03.06.2025 | 3704

Адам ресурстарын басқару департаментінің басшысы
«Түркістан БГҚ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
13.06.2025 | 1533