риск-менеджмент және бизнес-процестер басқармасының тәуекелдерді басқару және ИМЖ бөлімінің жетекші маманы
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.Еңбек міндеттері:
Қоғамда қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесін (бұдан әрі – ҚҮБЖ) енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу, Қоғам қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету жоспарларын әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз ету;
Қоғам мүлкін залалдан ерікті сақтандыру шартының жобасына техникалық ерекшелік дайындау, шарт жасасуды қамтамасыз ету және оның орындалуына мониторинг жүргізу, сақтандыру жағдайларын реттеуге қатысу;
мүлікті ерікті сақтандыру мақсаттары үшін Қоғамның өндірістік объектілерін инженерлік қарап-тексеруді (сюрвей) және қалпына келтіру құнын бағалауды жүргізуді ұйымдастыру;
Қоғамның контрагент-банктеріне қойылатын баланстық және баланстан тыс талаптар бойынша лимиттер белгілеу туралы мәселе бойынша материалдарды дайындау және Қоғам Басқармасының қарауына шығару;
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа ұсыну үшін Қоғамның және оның еншілес және бірлескен бақылаудағы ұйымдарының (бұдан әрі – ЕББҰ) қаржылық тәуекелдері туралы тоқсан сайынғы есептілікті дайындау;
Қоғамның және ЕББҰ инвестициялық жобаларын, сондай-ақ Қоғамның алқалы және консультативтік-кеңесші органдарының (инвестициялық комитет, активтердің құрылымын өзгерту жөніндегі комиссия және т. б.) қарауына шығарылатын басқа да материалдарды тәуекелдердің болуы тұрғысынан қарау және қорытындылар беру;
«Мүлікті сақтандыру» бабы бойынша бюджеттік жоспарлау, бюджетті түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
тәуекелдерді басқару және ИМЖ басқармасының іс қағаздарын жүргізу;
құзыретіне кіретін мәселелерді реттейтін Қоғамның ішкі құжаттарын әзірлеу және өзектендіру, оларды белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз ету;
ҚҮБЖ, сақтандыру мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру және әдіснамалық көмек көрсету;
Қоғам қызметіне байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау, осы тәуекелдерді басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
тікелей басшының және Қоғамның ішкі құжаттарымен өзіне жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Талаптар:
жоғары (техникалық немесе экономикалық) білім,
мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кем дегенде 3 жыл, мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі кем дегенде 1 жыл,
тәуекел менеджері сертификаты болуы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет
- Басқа
Ұқсас вакансиялар


