«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің 1-санатты инженері
- Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
- «Алматы ЖЭТ» филиалы бөлімшелері басшыларының ұсыныстары негізінде еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жоспарларды, бағдарламаларды әзірлейді, жоспарланған іс-шараларды орындауға ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді;
2) ұжымдық шарт үшін «Еңбекті қорғау» бөлімін дайындауға қатысады;
3) еңбекті қорғау кабинетінің жұмысын және мерзімді сабақтарды ұйымдастыруға қатысу және оны қажетті оқулықтармен және көрнекі құралдармен, техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдау;
4) талаптарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша «Алматы ЖЭТ» филиалының бағдарламаларын жасауға және қызметкерлерін оқытуға қатысу;
5) «Алматы ЖЭТ» филиалының құрылымдық бөлімшелерін (өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі саласындағы ережелермен, нормалармен, нұсқаулықтармен) қамтамасыз етуге қатысу;
6) еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын бақылау;
7) «Алматы ЖЭТ» филиалының персоналымен жұмыс, авариялық мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, баяндамалар өткізу үшін материалдар дайындау;
8) Қызмет бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және техникалық құжаттаманы тиісінше сақтау;
9) ресімделген істерді мұрағатқа тұрақты сақтауға дайындау және беру;
10) өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы озық тәжірибені қолдану;
11) қызметтерді сатып алу туралы шарттарды сүйемелдеу (жетекшілік ететін шарттар бойынша), шарттық талаптардың орындалу әрекеттерін қадағалау, қосымша келісімдер жасасу;
12) статистикалық есептерді тапсыру үшін құжаттарды дайындау;
13) филиалдың құрылымдық бөлімшелері персоналының өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған қолданыстағы қағидалар мен нормативтік құжаттарды орындауы бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылау;
14) технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерінде белгіленген іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ Филиал персоналының жұмыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарымен, нұсқауларымен белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылау;
15) сенімділікті арттыру жөніндегі жылдық іс-шаралар жоспарын жасау және олардың орындалуын бақылау;
16) өз құзыреті шеңберінде SAP бағдарламасына деректерді енгізуге жауапты болып табылады.
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
жоғары |
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
электр энергетикасы және/немесе тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық |
|
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
электр энергетикасы саласында және/немесе өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
1-санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл және/немесе осы лауазым бағытында кемніде 4 жыл |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
|
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы IV топтан төмен емес; · Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі саласында мамандандырылған білімі; · Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласында теориялық және практикалық білімі; · «KEGOC» АҚ электр желілерінің схемасын, негізгі жабдықтардың параметрлері мен құрамын білу; · Электр энергетикасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы және қадағалау органдарының талаптарын білу; ·Командада жұмыс істей білу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу; · Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау); · Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі. |
|
Лицензиялар, сертификаттар |
· Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн. |
|
Қосымша талаптар |
· MS office тәжірибелі пайдаланушысы; ·Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу. |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к.к.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Казыбаев 23А к-сі
Бос лауазым уақытша болып табылады (негізгі қызметкердің 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалысына байланысты).
Түйіндемені қабылдау 06.11.2025 ж. дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар