«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің 1-санатты инженері

Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
83

   Конкурс туралы
БОС ЖҰМЫС ОРНЫ
  «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік қызметінің 1-санатты инженері»

 

  • Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
  1. «Алматы ЖЭТ» филиалы бөлімшелері басшыларының ұсыныстары негізінде еңбек жағдайларын жақсарту, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша жоспарларды, бағдарламаларды әзірлейді, жоспарланған іс-шараларды орындауға ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсетеді;

        2) ұжымдық шарт үшін «Еңбекті қорғау» бөлімін дайындауға қатысады;

        3) еңбекті қорғау кабинетінің жұмысын және мерзімді сабақтарды ұйымдастыруға қатысу және оны қажетті оқулықтармен және көрнекі құралдармен, техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру бойынша шаралар қабылдау;

        4) талаптарға сәйкес еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша «Алматы ЖЭТ» филиалының бағдарламаларын жасауға және қызметкерлерін оқытуға қатысу;

        5) «Алматы ЖЭТ» филиалының құрылымдық бөлімшелерін (өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі саласындағы ережелермен, нормалармен, нұсқаулықтармен) қамтамасыз етуге қатысу;

        6) еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттар талаптарының сақталуын бақылау;

        7) «Алматы ЖЭТ» филиалының персоналымен жұмыс, авариялық мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, баяндамалар өткізу үшін материалдар дайындау;

        8) Қызмет бойынша іс жүргізуді ұйымдастыру және техникалық құжаттаманы тиісінше сақтау;

        9) ресімделген істерді мұрағатқа тұрақты сақтауға дайындау және беру;

        10) өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы озық тәжірибені қолдану;

        11) қызметтерді сатып алу туралы шарттарды сүйемелдеу (жетекшілік ететін шарттар бойынша), шарттық талаптардың орындалу әрекеттерін қадағалау, қосымша келісімдер жасасу;

        12) статистикалық есептерді тапсыру үшін құжаттарды дайындау;

        13) филиалдың құрылымдық бөлімшелері персоналының өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған қолданыстағы қағидалар мен нормативтік құжаттарды орындауы бойынша жұмысты ұйымдастыруды бақылау;

        14) технологиялық бұзушылықтарды тексеру актілерінде белгіленген іс-шаралардың орындалуын, сондай-ақ Филиал персоналының жұмыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарымен, нұсқауларымен белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылау;

        15) сенімділікті арттыру жөніндегі жылдық іс-шаралар жоспарын жасау және олардың орындалуын бақылау;

        16) өз құзыреті шеңберінде SAP бағдарламасына деректерді енгізуге жауапты болып табылады.

Талаптар:

Білім деңгейі

жоғары

Диплом бойынша мамандығы (бағыты)

электр энергетикасы және/немесе тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық

Жұмыс тәжірибесі

лауазым бағыты бойынша

электр энергетикасы саласында және/немесе өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында

Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

1-санатты инженер лауазымында кемінде 2 жыл және/немесе осы лауазым бағытында кемніде 4 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар

 

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар

· Электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік тобы IV топтан төмен емес;

· Электр энергетикасы, өндіріс технологиясы, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі саласында мамандандырылған білімі;

· Электр энергиясын өндіру, тасымалдау және тарату саласында теориялық және практикалық білімі;

· «KEGOC» АҚ электр желілерінің схемасын, негізгі жабдықтардың параметрлері мен құрамын білу;

·  Электр энергетикасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманы және қадағалау органдарының талаптарын білу;

·Командада жұмыс істей білу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік – ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, түрлі көзқарастар арасында бәтуаға келу және  белсенді түрде сындарлы диалог жүргізу;

· Кәсібилік (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау);

· Мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл тәжірибесі.

Лицензиялар, сертификаттар

·  Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн.

Қосымша талаптар

·     MS office тәжірибелі пайдаланушысы;

·Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше) тілдерін білу.

 Еңбек жағдайлары:

 

- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;

- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;

- Еңбек демалысы 30 к.к.

- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;

Жұмыс орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Казыбаев 23А к-сі

Бос лауазым уақытша болып табылады (негізгі қызметкердің 3 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалысына байланысты).

Түйіндемені қабылдау 06.11.2025 ж. дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)