Алматы облысы бойынша жабдықтау басқармасының жетекші маманы (д/д кезеңіне)

"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
75

   Конкурс туралы

Міндеттері

  1. Тұтынушы-жеке тұлғалармен дебиторлық қарызды азайту бойынша жұмыс жүргізу, дебиторлық қарызы бар тұтынушыларды уақтылы хабардар ету және өшіруді бақылауды жүзеге асыру.
  2. Күн сайын тұтынушы-жеке тұлғалар дебиторларды өшіруге/қосуға берілген тізімді бақылауды жүзеге асыру.
  3. Электр энергиясын тұтыну және ақы төлеу бойынша ағымдағы, мерзімді және жиынтық есептілікті берілген мерзімде және көлемде жасау.
  4. Жедел және ағымдағы есептілікте туындайтын барлық мәселелер бойынша аудандық бөлімшелермен тұрақты байланыста болу, сондай-ақ Филиал басшылығының өкімдерін, бұйрықтарын аудандық бөлімшелердің персоналына жеткізу, олардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылау.
  5. Шағым-талап арыз қою бойынша іс жүргізу үшін материалдардың уақтылы дайындалуын және заңгер кеңесшілеріне берілуін бақылау.
  6. Бағдарламалық-техникалық кешенде тұтынушы-жеке тұлғалар бойынша тарифтердің дұрыс қолданылуын бақылауды жүзеге асыру және т.б.

 

Талаптар:

Жетекші маманның жоғары энергетикалық және/немесе техникалық және/немесе экономикалық (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

 

Шарттары:

Қалыпты.