Батыс жылу кешенінің (БЖК) директордың орынбасары

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
627

   Конкурс туралы

Міндеттері:

    • Басқаруындағы құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың тұрақты және тиімді жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
    • Ғимараттардың, құрылыстардың, бөлмелердің, жылу, су, электрмен жабдықтау жүйелерінің ағымдағы және капиталды жөндеу жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, шаруашылық шығындарының сметасын жасау;
    • Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
    • Департаменттің негізгі қорларын капиталды құрылыс, реконструкция және модернизациялау жоспарларын әзірлеуге қатысу;
    • Қажетті материалдық ресурстар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу үшін қаражат жобасын уақытында жасау жұмыстарын ұйымдастыру;
    • Заявкаларды, спецификацияларды, басқа құжаттарды рәсімдеу, тауарлық-материалдық құндылықтарды алу, тасымалдау, түсіру, сақтау, беру және есептен шығару жұмыстарын ұйымдастыру;
    • Департаменттің қойма шаруашылығын ұйымдастыру, тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін және сақталуын бақылау, ТМЦ-нің жекелеген түрлері бойынша белгіленген нормаларды сақтау, олардың шығарылуы мен есептен шығарылуы бойынша рәсімдерді сақтау, ТМЦ-нің неликвидтік қалдықтарының пайда болуына жол бермеу;
    • Департаменттің құрылымдық бөлімшелерін нормалды қызметін жүзеге асыру үшін қажетті коммуналдық, тұрмыстық және басқа қызметтердің барлық түрлерімен қамтамасыз ету, соның ішінде: электр және жылумен жабдықтау, су және кәріз, барлық байланыс түрлері, арнайы киімдерді жуу және жөндеу, бөлмелер мен аумақтарды тазалау, өндіріс және тұтыну қалдықтарын шығару, қайта өңдеу және/немесе полигондарға орналастыру, соның ішінде сынапты лампаларды, пайдаланылған майларды, аккумуляторларды, шиналарды жою бойынша;
    • Өткізілетін жиналыстар, конференциялар, оқу-жаттығулар, байқаулар, конкурстар, сенбіліктер және басқа іс-шараларды ұйымдастыру;
    • Басқаруындағы бөлімшелердің сатып алу және басқа қызмет бағыттары бойынша есеп жүргізу, есептілікті, материалдар мен ақпаратты құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру;
    • Берілген өкілеттіктерге сәйкес, құрылымдық бөлімшелерде, мердігер ұйымдарда департаменттің мүдделерін ұ εκπетеді;
    Департаменттің әртүрлі қызмет бағыттары бойынша құрылған комиссиялардың, өндірістік жиналыстардың, кеңестердің жұмысына қатысу.

Талаптар:

  • Жоғары кәсіби білім (техникалық немесе инженерлік-экономикалық).
  • Сала бойынша басшылық лауазымдарда жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл.

Шарттар:

  • Жұмыс режимі дүйсенбі-жұма 08:00-ден 17:00-ге дейін;
  • Төленетін демалыс;
  • Компания есебінен оқыту.


Қажетті қабілеттер

  • (умение делегировать, управлять подчиненными, заинтересованность в достижении целей компании
  • * Дисциплинированность и ответвенность