"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Шымкент магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Еңбек және жалақы бөлімінің жетекші инженері

385970 - 399543
Шымкентское отделение магистральной сети Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
41

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Еңбек жөніндегі нормативтік материалдарды қолданудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асыру;
  • қызметкерлердің санын басқару функциялары мен құрылымдық бөлімшелер бойынша сан нормативтеріне сәйкес анықтау, ауытқуларды және мұндай ауытқулардың себептерін анықтайды, жою бойынша ұсыныстар әзірлейді;
  • Еңбекті ұйымдастыруды жетілдірудің жобаларын бағдарламаларын және жылдық жоспарларын дайындауға қатысу;
  • Еңбек жөніндегі жоспарға сәйкес штат кестесін жасауға қатысу еңбекақы төлеу қорының жұмсалуын және штат тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • тарифтік ставкалардың, лауазымдық айлықақылардың, үстемеақылар мен жалақыға коэффициенттердің, еңбекақы төлеу нысандары мен жүйелерінің дұрыс қолданылуын, еңбекақы төлеу қорының жұмсалуын бақылауды жүзеге асыру;  
  • фото-хронометраждық бақылаулар жүргізуді ұйымдастыру, жұмыс уақытын жоғалту себептерін зерделейді және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
  • еңбек заңнамасының, жұмысшылардың тарифтік-біліктілік анықтамалықтарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларын, еңбек процестерін, жұмыс орындарын аттестаттау мен ұтымды етуді, кәсіп пен лауазымдардың үйлесімін кеңейтуді және еңбектің басқа да озық әдістерін жүзеге асыруда талдау жасау;
  • өз шаруашылығының нормативтік санының есептеулерін жасау;
  • бағыттау парақтарын және іссапар куәліктерін өкімге немесе бұйрықтарға сәйкес күндер саны қойыла отырып тексеру;
  • Шымкент жол қашықтығының ЦТО-1 нысандары бойынша есепті деректерді жасау және бақылау;
  • еңбекақы төлеу қағидаларына енгізілетін өзгерістерді түсіндіру бойынша қызметкерлермен кездесу үшін желіге шығуға қатысу;
  • жеке шаруашылықтың SAP бағдарламасына еңбек жоспарларын енгізу;
  • жаңадан қабылданған қызметкерлерге бұйрықтарға штат кестесіне сәйкес сағаттық тарифтік ставкаларды немесе айлықақыларды қою;
  • өз шаруашылығыңыз бойынша жұмыс уақыты табелінің дұрыс толтырылуын бақылау;
  • еңбек бойынша есептер мен талдаулар жасау және тапсыру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: экономика; Қаржы; Есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика.
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр