Күрделі құрылыс бөлімінің инженер-құрылысшысы
ЖШС «GPC Investment» Атырау қ.Міндеттері:
-
құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына, жұмыстар мен аяқталған объектілердің қабылдануына қадағалау және бақылау жүргізеді;
-
құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемінің, мерзімдерінің және сапасының жобалық-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкестігін бақылайды;
-
құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдерге енгізілетін өзгерістерді қарау мен келісуге қатысады;
-
құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімдерінің бұзылуына және сапасының төмендеуіне себеп болатын жағдайларды зерттейді, оларды болдырмау және жою шараларын қабылдайды;
-
аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстары мен объектілерді техникалық қабылдауды жүзеге асырады, қажетті техникалық құжаттаманы рәсімдейді;
-
белгіленген мерзімде ақаулар мен кемшіліктерді жою сапасын бақылайды;
-
аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарының есебін жүргізеді және құрылыс жоспарларының орындалуы жөнінде есептілік жасау үшін қажетті деректерді дайындайды;
-
орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының бақылау өлшеулеріне қатысады;
-
жобалау бойынша шарттардың жобаларын дайындауға, жобалау үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеуге, мердігерлік шарттарды және олардың қосымшаларын дайындауға қатысады;
-
төрелік сотта шағымдарды қарауға, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына (ресми сұрау бойынша) ұсыну үшін қажетті құжаттаманы және құжаттарды дайындауға қатысады.
Талаптар:
-
тиісті мамандық бойынша кәсіби (техникалық) білім (құрылыс инженері) немесе орта кәсіби (техникалық) білім;
-
құрылыс инженері лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;
-
ҚР Еңбек кодексі;
-
ҚР «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242;
-
ҚР СН 1.02-03-2022 «Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібі»;
-
Қазақстан Республикасында құрылыс саласында қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар;
-
ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы;
-
ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы;
-
ҚР Үкіметінің қаулысымен, салалық уәкілетті министрліктің және өзге де министрліктердің бұйрықтарымен бекітілген ережелер, қағидалар және басқа да нұсқаулық құжаттар.
Жұмыс шарттары:
-
Жұмыс тәртібі: 5/2
-
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар

