Күрделі құрылыс бөлімінің инженер-құрылысшысы

ЖШС «GPC Investment» Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
187

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалуына, жұмыстар мен аяқталған объектілердің қабылдануына қадағалау және бақылау жүргізеді;

  • құрылыс жоспарларының орындалу барысын, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемінің, мерзімдерінің және сапасының жобалық-сметалық құжаттамаға, жұмыс сызбаларына, құрылыс нормалары мен ережелеріне, стандарттарға, техникалық шарттарға сәйкестігін бақылайды;

  • құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдерге енгізілетін өзгерістерді қарау мен келісуге қатысады;

  • құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзімдерінің бұзылуына және сапасының төмендеуіне себеп болатын жағдайларды зерттейді, оларды болдырмау және жою шараларын қабылдайды;

  • аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстары мен объектілерді техникалық қабылдауды жүзеге асырады, қажетті техникалық құжаттаманы рәсімдейді;

  • белгіленген мерзімде ақаулар мен кемшіліктерді жою сапасын бақылайды;

  • аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарының есебін жүргізеді және құрылыс жоспарларының орындалуы жөнінде есептілік жасау үшін қажетті деректерді дайындайды;

  • орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының бақылау өлшеулеріне қатысады;

  • жобалау бойынша шарттардың жобаларын дайындауға, жобалау үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеуге, мердігерлік шарттарды және олардың қосымшаларын дайындауға қатысады;

  • төрелік сотта шағымдарды қарауға, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарына (ресми сұрау бойынша) ұсыну үшін қажетті құжаттаманы және құжаттарды дайындауға қатысады.

    Талаптар:

    • тиісті мамандық бойынша кәсіби (техникалық) білім (құрылыс инженері) немесе орта кәсіби (техникалық) білім;

    • құрылыс инженері лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;

    • ҚР Еңбек кодексі;

    • ҚР «Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242;

    • ҚР СН 1.02-03-2022 «Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібі»;

    • Қазақстан Республикасында құрылыс саласында қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттар;

    • ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы;

    • ҚР «Азаматтық қорғау туралы» Заңы;

    • ҚР Үкіметінің қаулысымен, салалық уәкілетті министрліктің және өзге де министрліктердің бұйрықтарымен бекітілген ережелер, қағидалар және басқа да нұсқаулық құжаттар.

    Жұмыс шарттары:

    • Жұмыс тәртібі: 5/2

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру