Геодезист
ЖШС «GPC Investment» Атырау қ.Міндеттері:
-
Бас мердігердің тахеометр, GPS-қабылдағыш, нивелир және басқа да геодезиялық жабдықтарды пайдалана отырып, геодезиялық жұмыстарды орындауын, сондай-ақ серіктестіктің және қосалқы ұйымдардың метрологиялық жабдықтар тізіліміне сәйкес тексеруден өткен құрал-саймандармен жұмыс істеуін сүйемелдеу және бақылау.
-
Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында «Геодезия» бөлімі бойынша орындаушы техникалық құжаттаманың дайындалуын және оның тапсырыс берушіге уақытылы тапсырылуын бақылау.
-
Жобада салынып жатқан ғимараттар мен құрылыстардың шөгуі мен ауытқуын уақтылы бақылауды қамтамасыз ету.
-
Құрылыс барысында туындайтын жобалық өзгерістерді қарастыруға қатысу.
-
Геодезиялық түсіріс нәтижесінде далалық топографиялық зерттеулерден алынған материалдарды өңдеу (камералдық жұмыстарды орындау).
-
Бекітілген жобалық құжаттамаға сәйкес геодезиялық бөлу жұмыстарын жүргізу.
-
Геодезиялық құжаттаманы әзірлеу және/немесе сараптамадан өткізу.
-
Ғимараттар мен құрылыстардың геометриялық параметрлерінің жобалық құжаттамаға сәйкестігін геодезиялық бақылау.
-
Координаттарды, геометриялық өлшемдерді және биіктік белгілерін тексеру. Анықталған сәйкессіздіктер болған жағдайда оларды техникалық қадағалау және жобалау тобы тарапынан келісу.
-
Құрылыстың бүкіл кезеңінде дәл бөлу негізін қамтамасыз ету үшін геодезиялық тірек желісін қалпына келтіру және дамыту.
-
Құрылыстың жобасы «Жұмысқа рұқсат етілді» деген мөр мен ПТО бастығының қолы қойылған жағдайда ғана, құрылыстың осьтері мен биіктік реперлерін жергілікті жерде дәл бөлу және белгілеу, оларды учаскелік персоналға акт арқылы тапсыру.
-
Қажет болған жағдайда құрылыс басынан бастап ғимараттар мен құрылыстардың деформациясына геодезиялық бақылау жүргізу.
-
Құрылыс кезінде орындалған геодезиялық жұмыстар туралы техникалық есепті, координаттар мен биіктік белгілері каталогтарын және геодезиялық белгілер сызбаларын қоса бере отырып құрастыру.
-
Аяқталмаған құрылыс-монтаж кезеңіне ішкі орындаушы геодезиялық құжаттаманы жүргізу.
Талаптар:
-
Геодезия, геофизика, картография саласы бойынша орта кәсіби (техникалық) немесе жоғары білім;
-
Немесе орта техникалық / жоғары білім және жерге орналастыру сертификатының болуы;
-
Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қажетті білімдер:
-
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы;
-
ҚР «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңы, 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242;
-
ҚР Еңбек кодексі №414-V ЗРК;
-
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы №410-V ЗРК, 2015 жылғы 18 қараша;
-
ҚР «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» Заңы;
-
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 164/НҚ бұйрығымен бекітілген бюджет қаражаты есебінен картографиялық өнім жасау бойынша нұсқаулық;
-
ҚР Үкіметі бекіткен нормативтік-техникалық талаптар, құрылыс нормалары мен ережелері, қағидалар мен басқа да басшылық құжаттар, сондай-ақ осы техникалық сипаттамаға қатысты Компанияның ішкі және сыртқы нормативтік құжаттары.
Дағдылар:
-
Жеке компьютерді сенімді деңгейде меңгеру;
-
Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint), Internet Explorer және Outlook кеңсе бағдарламаларымен жұмыс істеу;
-
AutoCAD және электрондық құжат айналымы жүйелерімен (СЭД) ақпараттық деңгейде жұмыс істей білу.
Жұмыс шарттары:
-
Жұмыс орны: УКПГ «Қашаған» құрылыс алаңы, Ескене стансасы, Мақат ауданы, Атырау облысы
-
Жұмыс кестесі: Вахталық әдіс — 15/15