Комплаенс офицері
1100000 - 1100000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымның функционалы:
- Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне және лауазымды тұлғаларына комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жүктелген функционалды орындау кезінде консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету;
- Келіп түскен хабарламаларды тексеруді қамтамасыз ету және бастамашылық ету жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кез келген ақпаратты тексеру және тергеу жүргізу;
- Құрылатын комплаенс жүйелерінің тиімділігін мониторингтеу;
- Компания ішінде антикоррупциялық комплаенс мәселелері бойынша коммуникацияларды жүзеге асыру, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, клиенттермен, серіктестермен, мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу;
- Компания қызметкерлерін комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту ұйымдастыру және өткізу;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
- Компанияда орталықтандырылған комплаенс процестерін және жүйелерін енгізуді қамтамасыз ету.
Квалификациялық талаптар:
- Салалық бағыттар бойынша жоғары білім – құқық, экономика, қаржы және бизнес-функциямен байланысты басқа да жақын бағыт;
- Бизнес-менеджмент, экономика, қаржы немесе құқық саласында магистр дәрежесінің болуы;
- Салыстырмалы көлемдегі компанияларда, аналогиялық немесе ұқсас экономика салаларында және/немесе «Самрук-Қазына» қорының портфельдік компанияларында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Комплаенс функциясын жүзеге асыруда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
- Халықаралық кәсіби ұйымдармен (мысалы, ICA, CFE) берілетін комплаенс және тергеу саласындағы кәсіби сертификаттардың болуы, «Самрук-Казына» АҚ компаниялар тобының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру корпоративтік орталығымен берілетін сертификаттар, біліктілік емтиханын тапсыруды талап етеді;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар

4-разрядты жылу оқшаулаудағы оқшаулағыш
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
25.04.2025 | 788
293500 - 293500 KZT

5-разрядты тоңазытқыш жабдықтары жөніндегі электрмеханик
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
01.04.2025 | 4456
347141 - 347141 KZT
"Қазтеміртранс" АҚ Ақтөбе филиалының тиеуді түсіруді қамтамасыз ету секторының бастығы (Орал станциясы)
АО "Қазтеміртранс" | Еңбекпен толық қамтылу
| Орал а.
25.04.2025 | 203
от 410569