Комплаенс офицері

1100000 - 1100000 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
35

Қаралған саны:
848

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне және лауазымды тұлғаларына комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жүктелген функционалды орындау кезінде консультациялық және әдістемелік қолдау көрсету;
  • Келіп түскен хабарламаларды тексеруді қамтамасыз ету және бастамашылық ету жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кез келген ақпаратты тексеру және тергеу жүргізу;
  • Құрылатын комплаенс жүйелерінің тиімділігін мониторингтеу;
  • Компания ішінде антикоррупциялық комплаенс мәселелері бойынша коммуникацияларды жүзеге асыру, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, клиенттермен, серіктестермен, мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу;
  • Компания қызметкерлерін комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша оқыту ұйымдастыру және өткізу;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқарудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;
  • Компанияда орталықтандырылған комплаенс процестерін және жүйелерін енгізуді қамтамасыз ету.

Квалификациялық талаптар:

  • Салалық бағыттар бойынша жоғары білім – құқық, экономика, қаржы және бизнес-функциямен байланысты басқа да жақын бағыт;
  • Бизнес-менеджмент, экономика, қаржы немесе құқық саласында магистр дәрежесінің болуы;
  • Салыстырмалы көлемдегі компанияларда, аналогиялық немесе ұқсас экономика салаларында және/немесе «Самрук-Қазына» қорының портфельдік компанияларында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Комплаенс функциясын жүзеге асыруда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • Халықаралық кәсіби ұйымдармен (мысалы, ICA, CFE) берілетін комплаенс және тергеу саласындағы кәсіби сертификаттардың болуы, «Самрук-Казына» АҚ компаниялар тобының мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру корпоративтік орталығымен берілетін сертификаттар, біліктілік емтиханын тапсыруды талап етеді;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр