«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС
Павлодар мұнайхимия зауыты («ПМХЗ» ЖШС) акциялардың 100% «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ-на тиесілі, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі ірі кәсіпорын және республиканың үш мұнай өңдеу зауытының бірі болып табылады.
Зауыт 1978 жылы пайдалануға берілді және Батыс Сібір кен орындарында мұнай шикізатын өңдеуге бағытталған. Кәсіпорын жылына 6.0 млн. тонна мұнай өндіру теңгерімді қуаттылыққа ие.
ПМХЗ мұнай өнімдерінің көптеген түрлерін шығарады.Олардың ішіндетүрлі маркалы автомобиль бензиндері,дизель отыны, мұнай отыны(мазут),, көмірсутекті сұйытылған газдар, вакуумдық газойль, техникалық күкірт, бірнеше сұрыпты битум (құрылыс, жол, жабындық), мұнай коксы.
Зауыт құрылымына мұнайды бастапқы өңдеу кешені (ЛК-6У), мұнай өнімдерін компандирлеу және тиеу кешені (МКТК),мұнайды терең өңдеу кешені (КТ-1 мазутты терең өңдеу,отын кешені), ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу кешені құрамында бірнеше: баяулатып кокстеу, мұнай коксін қыздыру, битум өндіру, күкірт өндіру,күкіртті түйіршіктеу қондырғысы кіреді. ПМХЗ сутектің өндірісі мен мұнай қоқырын қайта өңдеу қондырғысы, сондай-ақ ірі қосалқы бөлімшелер - сумен жабдықтау және кәріз цехы және орталық зауыт зертханасы (ОЗЗ жұмыс істейді.
Жаңғырту жобаның іске асыру нәтижесінде ПМХЗ екі жаңа қондырғылар кешені салынды: изомерлеу және нафтасплиттері кешені және күкірт өндіру қондырғылары кешені, сондай-ақ жаңа саынған және пайдалануға берілген қондырғылардың қалыпты жұмыс істеуі үшін 12 жалпызауыттық шаруашылық жаңа объект салынды. Сонымен қатар, қолданыстағы өндірістік қуаттылықтар: бастапқы және терең мұнай өңдеу кешендері, сондай-ақ баяулатып кокстеу қондырғысы қайта құрылды. Барлық аталған іс-шаралар Кеден одағының техникалық регламенттерінің Кеден одағының Техникалық регламенті 013/2011 талаптарына сәйкес К-4 класты мотор отындары: дизель және АИ-92, 95 маркалы бензин өндірісін қамтамасыз етті.
Кәсіпорында жақсы дамыған жалпызауыттық шаруашылық: тауарлық-шикізат паркі, сұйытылған газ паркі, теміржол және автомобиль көлігі арқылы мұнай өнімдерін құю-қотру эстакадасы бар.
Зауыт белсенді әлеуметтік саясатты жүргізеді, жұмыскерлердің еңбек және тұрмысқа және сауықтыруға қажетті барлық жағдайларды жасалынады.
Бүгінгі күнгі ПМХЗ басымдылығы - К4, K5 экологиялық кластарына сәйкес келетін, елдің қажеттіліктері үшін қажетті көлемде мотор отындарын өндіруді қамтамасыз ету, зауыттың техникалық ресурсын ұлғайту, оны екі жылдық жөндеу циклына шығару және JetA халықаралық стандарты бойынша жаңа авиациялық отын шығару болып табылады.
Компаниядағы бос орындар
- Ақпараттық технологиялар, интернет, телеком1
-
Ақпаратты қорғау жөніндегі жетекші маманЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.16.10.2025 | 977от 565000 KZT
- Жоғары менеджмент1
-
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша маманЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.03.11.2025 | 773от 484000 KZT
- Транспорт, логистика1
-
4 разрядты жол монтеріЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.30.10.2025 | 817297372 - 297372 KZT
- Қызметкерлер құрамы2
-
5-разрядты электр газбен дәнекерлеушіЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.29.10.2025 | 649395224 - 395224 KZT4-разрядты отқа төзімдіЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.22.10.2025 | 3868293500 - 293500 KZT
- Әкімшілік қызметкерлер1
-
Мемлекеттік тілді дамыту бойынша маманЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.03.11.2025 | 773от 484000 KZT
- Өндіріс5
-
3-4 разрядты қондырғысының технологиялық сорғылар машинисіЕңбекпен толық қамтылу | Ауысым кестесі | Павлодар қ.04.11.2025 | 590332338 - 400555 KZTСметалық бөлімі бастығыЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.29.10.2025 | 444902000 - 902000 KZT5-разрядты тоңазытқыш жабдықтары жөніндегі электрмеханикЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.16.10.2025 | 6970347141 - 347141 KZTРелелік қорғаныс және автоматика қызметінің инженеріЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.16.10.2025 | 1130484000 - 483998 KZT6 разрядты рентген-гаммографиялау дефектоскопистЕңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Павлодар қ.08.10.2025 | 655от 443327 KZT