Жетекші инженер-энергетик (электрик)

768124 - 768124 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
286

   Конкурс туралы

Лауазымның функционалы:

  • талдау жүргізу: RCM «Сенімділікті арттыруға бағытталған техникалық қызмет көрсету», FMECA «Жабдықтың істен шығу түрлері мен салдары», RCFA «Жабдықтың істен шығуының түпкі себептері», KPI «Тиімділіктің негізгі көрсеткіші», «Жабдықтың дайындық коэффициенті»;
  • сандық жүйелермен жұмыс (Predictive maintenance (болжамды диагностика), активтерді басқару жүйелері (EAM);
  • ТҚКжәнеЖЖ және электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету стратегияларын әзірлеу;
  • жабдықтың ақаусыз және апатсыз жұмысына бағытталған іс-шаралар мен ұсынымдарды әзірлеу;
  • жобалау-сметалық құжаттаманы қарау және келісу.

Біліктілік талаптары:

  • қызмет бейініне сәйкес мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, біліктілігі – инженер-энергетик/электрик / Электрэнергетика / Электротехника және автоматтандыру бакалавры;
  • инженер лауазымындағы жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес болуы тиіс.

Білімі мен дағдылары:

  • мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
  • электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын, техникалық пайдалану қағидаларын, электр қондырғыларын орнату қағидаларын білу;
  • қазіргі пайдаланушы деңгейінде компьютерді иелену;
  • 1С, MS Office, Autocad, Sap, IBM Maximo, Meridium AR бағдарламаларын білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман