"Қазпочта" АҚ Тәуекелдерді басқару департаменті бас менеджері

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
550

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • "Қазпошта" АҚ корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің (бұдан әрі - Қоғамның КТБЖ) процестері мен құрамдас бөліктерін енгізу, әзірлеу және жетілдіру міндеті:
    1) тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды (бұдан әрі – ІНҚ) және құралдарды (әдістемелерді, нұсқауларды, тәуекелдердің негізгі көрсеткіштерін және т.б.) әзірлеу, жетілдіру, жаңарту, оларды тәуекелді басқару процесстерінің барлық қатысушылардың назарына жеткізу; тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша Қоғам қызметкерлеріне әдістемелік және консультациялық қолдау көрсету;
    2) КТБЖ процестеріне қатысушылардың тәуекелдерді басқару саласындағы ішкі нормативтік құжаттарды іске асыруын және құралдарды пайдалануын бақылау;
    3) КТБЖ процестерін ұйымдастыру (идентификациялау, талдау, бағалау, мониторинг, тәуекелдерді бақылау) және оның құрамдас бөліктерінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету; КТБЖ процестерін жоспарлау және бизнесті басқару процестеріне біріктіру; КТБЖ процестерінің барлық қатысушылары арасында ақпарат және есеп беру материалдарымен алмасуды қамтамасыз ету;
    4) тәуекелдерді басқарудың практикалық аспектілері бойынша Қоғамның басшылары мен қызметкерлерін жүйелі оқытуды, тестілеуді, сауалнама жүргізуді ұйымдастыру;
    5) тәуекелдерді басқару саласындағы халықаралық және қазақстандық компаниялардың тәжірибесін салыстырмалы талдау;
    6) жетекшілік ететін корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспарлар мен бағдарламалар шеңберінде іс-шараларды жүзеге асыру;
    7) Қоғамның ІНҚ жобаларын қарастыру, Қоғамның тәуекелдерді басқару тиімділігін арттыру мақсатында оларды өзгерту бойынша ұсынымдар әзірлеу, оның ішінде тәуекел иелерінің рөлі мен жауапкершілігін анықтау, тәуекелдер мен бақылау матрицаларын әзірлеу бойынша ұсынымдар;
    8) тәуекел иелерімен бірлесіп, Қоғамның тәуекелге аппетитіне сәйкес тәуекелдер деңгейін анықтау, қажет болған жағдайда ішкі бақылау мәселелерін үйлестіруге жауапты құрылымдық бөлімшелермен және процестер мен тәуекелдер иелерімен бірлесіп бақылау рәсімдерін әзірлеуге қатысу.
    Тәуекелдерді идентификациялау және бағалау процестерін енгізу міндеті:
    1) бар және ықтимал тәуекелдер бойынша жағдайды, тәуекелдерді идентификациялау және бағалау мәселелерін, сондай-ақ оларды азайту үшін тәуекелдерді басқару әдістерін талдау үшін тоқсанына кемінде бір рет орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерімен (бұдан әрі – ОА ҚБ) - тәуекел иелерімен тәуекелдерді идентификациялау және бағалау үдерістерін ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару жүйесінің процестерін біріктіру барысында тұрақты, функционалдық кездесулер өткізу;
    2) тәуекелдерді идентификациялау және бағалау процестерін ұйымдастыру; тәуекел иелерімен бірлесіп Тәуекелдер картасын және тізілімін қалыптастыру, соның ішінде жаңа тәуекелдерді анықтау және тіркеу, Қоғам сарапшыларының қатысуымен анықталған тәуекелдерді бағалау;
    3) тәуекелдің туындауының ықтимал жағдайларын, тәуекелдің өсуін көрсететін нақты немесе ықтимал теріс тенденцияларды анықтау, әлеуетті және ықтимал тәуекелді білдіретін ішкі және сыртқы факторларды анықтау және талдау, олардың қаржылық нәтижелерге және көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ету дәрежесін бағалау;
    4) Тізілім мен тәуекелдер картасының тоқсан сайын жаңартылуын бақылау;
    5) тәуекелдерді талдау және бағалау үшін қажетті ақпаратты жинау;
    6) бақылау және ревизия бөлімшелері мен ішкі аудит қызметінің тексерістерінің нәтижелерін талдау негізінде факторлар мен тәуекелдерді бағалау;
    7) ішкі аудит қызметімен, кейінгі бақылауды жасайтын, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қауіпсіздік мәселелерін үйлестіретін, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін үйлестіретін, комплаенс бақылау мәселелерін үйлестіретін, бизнес-процестерді құқықтық қамтамасыз етуді үйлестіретін, қауіпсіздікті басқару мәселелерін үйлестіретін, көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелерін үйлестіретін және басқа бақылау мен мониторингті жүзеге асыратын бақылау және ревизия қызметтерімен, бөлімшелермен, сондай-ақ бизнес-процестердің иелерімен және басқа құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерімен анықталған сәйкессіздіктер, бұзушылықтар негізінде тәуекелдерді идентификациялау, талдау және бағалау мәселелері, келеңсіз оқиғалар, тексерулер туралы есептер, аудит нәтижелері туралы есептер, процесс және тәуекел иелерінің тәуекелдерді басқару есептері бойынша өзара іс-қимыл;
    8) іске асырылған тәуекелдердің дерекқорын жүргізу, тәуекелдерге елеулі әсер етуі мүмкін ішкі және сыртқы факторларды қадағалау, іске асырылған тәуекелдерді азайту бойынша қабылданған шаралардың орындалуын бақылау;
    9) тәуекелдерді стресті және кері тестілеуді жүзеге асыру;
    10) Қоғамның ашық валюталық позицияларын теріс қайта бағалаудың салдарынан болуы мүмкін шығындарды бағалау, VAR үлгісіне және валюталық позицияға енгізілген болжамдарды ескере отырып ықтимал шығындарды есептеу арқылы валюталық тәуекелді бағалау;
    11) Қоғамның таза пайыздық кірістеріндегі/шығыстарындағы ықтимал өзгерістерді бағалау;
    12) капиталдың болжамды құнының өзгеруін және өтімділік тәуекеліне әсерін бағалау.
    Ықтимал теріс оқиғаларға (тәуекелдерге) мониторинг жүргізу және бақылау міндеті:
    1) Басқармаға және/немесе Тәуекелдер комитетіне тәуекел санаттары бойынша бөле отырып, ақшалай түрде тәуекелге аппетиті деңгейі бойынша ұсыныстарды, тәуекелге аппетит бойынша сапалы мәлімдемелерді қалыптастыру;
    2) тәуекелдердің негізгі көрсеткіштерін (бұдан әрі – ТНК) әзірлеу және тәуекел иелері ұсынған деректер негізінде ТНК панеліне есептелген деректерді енгізе отырып, ТНК панелін қалыптастыру;
    3) өтімділік тәуекелін бағалау шеңберінде 1 жылға дейінгі активтер мен міндеттемелер арасындағы алшақтықтарды талдау арқылы қажетті қаражатты бақылау;
    4) ақша айналымын және активтер мен міндеттемелерді өтеу мерзімдерін бақылау;
    5) VAR үлгісіне енгізілген болжамдарды ескере отырып, өтеу мерзімі бойынша ықтимал шығындар және/немесе табыстылық деңгейлерін анықтау;
    6) ГЭП позициясының шегінің сақталуын бақылау;
    7) процестер мен тәуекелдер иелерінен ұсынылған деректерді талдау, сондай-ақ болжанатын операциялардың пруденциалдық нормативтер мен әртараптандыру стандарттарына әсерін бағалау арқылы уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтер мен әртараптандыру стандарттарының Қоғамның сақталуын бақылау;
    8) екінші деңгейдегі банктер мен банктік емес ұйымдар үшін баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша лимиттерді есептеу;
    9) «Самұрық-Қазына» АҚ-мен контрагент банктерге шекті сыйымдылықты қайта бөлу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
    10) процестер мен тәуекелдер иелерінің деректерін талдау негізінде Қоғамның контрагенттерінің қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу;
    11) Қоғамның өтімділігіндегі кемшіліктерді талдау;
    12) Қоғамның қызметіне теріс әсер етуі мүмкін әлеуетті факторлар мен тәуекелдерді анықтау және талдау мақсатында ішкі аудит қызметінің және бақылау және ревизия қызметінің ұсынымдарын, оларды іске асыру жөніндегі шараларды талдау;
    13) Қоғамның негізгі тәуекелдерін басқару бойынша лимиттер мен саясаттардың сақталуын бақылау.
    Тәуекелдерді басқару міндеті:
    1) қазынашылық қызмет мониторингiн, инвестициялық жобаларды басқару жөнiндегi iс-шараларды қоса алғанда, елеулi тәуекелдердiң мониторингi және оларды бизнес-үдерiстерде жүзеге асыру әдiстерiн әзiрлеу;
    2) процесс/тәуекел иелерімен бірлесіп тәуекелдер картасының қызыл, қызғылт сары және сары аймақтарының тәуекелдерін азайту/азайту жөніндегі іс-шаралардың жиынтық жоспарын (немесе жекелеген жоспарларын) әзірлеуге қатысу, сондай-ақ тоқсан сайынғы іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы жиынтық есеп беру;
    3) іске асыру барысы мен нәтижелері туралы ақпарат жинау, іс-шаралардың тиімділігін бағалау арқылы іс-шаралардың уақтылы, барабар және толық орындалуына мониторинг жүргізу және бақылау;
    4) бизнес-процестердің иелерімен бірлесіп, бизнес-процестердің өзекті негізгі бақылау құралдарын қолдау үшін тәуекелдерді бақылау матрицаларын құру;
    5) Қоғамның ішкі және сыртқы интернет-ресурстарын қызметкерлерге, бақылаушы органдарға, үшінші тарап ұйымдарына және клиенттерге жеткізу үшін тәуекелдерді басқару бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпаратпен толтырылуын қамтамасыз ету.
    Тәуекелдер комитетін, Басқарманы, Аудит және тәуекелдер комитетін, Директорлар кеңесін Қоғамның ықтимал тәуекелдері туралы хабардар ету міндеті:
    1) Тәуекелдер комитетінің жұмысын ұйымдастыру, қабылданған шешімдер бойынша хаттамалар жасау және оларды басшылар мен қызметкерлердің қажетті тобының назарына жеткізу;
    2) Тәуекелдер комитетінен тапсырмалардың орындалуын бақылау (ақпарат жинау, талдау, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы есеп дайындау);
    3) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша қорытындылар беру;
    4) тәуекелдердің негізгі көрсеткіштерінің ағымдағы мәніне мониторинг жүргізу, тәуекелдердегі өзгерістер туралы есептерді қалыптастыру және Тәуекелдер комитетіне, Басқармаға, Аудит және тәуекелдер комитетіне, Директорлар кеңесіне ұсыну;
    5) жүзеге асырылған инциденттер мен тәуекелдер дерекқорын талдау және бағалау, тәуекелдер туралы есеп беру шеңберінде Тәуекелдер комитетіне және/немесе Басқармаға, Директорлар кеңесіне процесс иелері тарапынан тәуекелдерді барынша азайту бойынша қабылданған шаралар туралы есептерді қалыптастыру және ұсыну;
    6) тәуекелдер мен қатерлердің туындауына/ұлғаюына әкеп соқтыратын тәуекелдерді басқару жүйесінің талаптары бұзылған жағдайда, ОА ҚБ және Қоғамның филиалдарына қатысты тиісті шараларды қолдану туралы тәуекелдер туралы есеп шеңберінде Қоғам басшылығына ұсыныстар енгізу;
    7) тәуекелдер жөніндегі есептің бөлігі ретінде Тәуекелдер комитетіне және/немесе Басқармаға, Директорлар кеңесіне КТБЖ-сін жетілдіруге қатысты ақпаратты қалыптастыру және ұсыну;
    8) тәуекелдер туралы есептің құрамында Тәуекелдер комитетіне және/немесе Басқармаға тәуекелдерді басқару бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес орындалған іс-шаралар туралы есептерді ұсыну;
    9) Активтер мен пассивтер комитетіне екінші деңгейдегі банктер үшін баланстық және баланстан тыс міндеттемелер бойынша лимиттердің есебін ұсыну;
    10) тәуекелдер туралы есеп беру шеңберінде Тәуекелдер комитетіне және/немесе Қоғам Басқармасына контрагенттердің қызметі туралы теріс ақпараттың болуы туралы (олар анықталған, оның ішінде процестер мен тәуекелдер иелері анықтаған, жағдайда) есепті ұсыну;
    11) тәуекелдер туралы есептің бөлігі ретінде тәуекелдерді басқарудың белгіленген процестеріндегі елеулі ауытқулар туралы Басқарма мен Директорлар кеңесін мониторингтеу және хабардар ету;
    12) тәуекелдерді басқару бойынша құрылымдық ақпаратты және есептерді, оның ішінде қаржылық тәуекелдер туралы есептерді басқару есептілігі жүйесі (бұдан әрі – БЕЖ) шеңберінде дайындау, оларды тұрақты түрде Басқармаға, Директорлар кеңесіне, Жалғыз акционерге ұсыну;
    13) Қоғамның тәуекелдерін сипаттайтын және талдайтын ақпаратты, сондай-ақ Қоғамның тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі жоспарлар мен бағдарламаларды іске асыру туралы ақпаратты ұсыну үшін Директорлар кеңесімен және Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетпен тоқсан сайын отырыстар өткізу;
    14) тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл;
    15) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне/Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне және KASE Қазақстан қор биржасына тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын бағалау туралы жыл сайынғы есепті ұсыну;
    16) тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша бақылаушы органдармен өзара іс-қимыл.

Талаптар:

  • Бейіні бойынша жоғары білім: экономика және/немесе қаржы және / немесе менеджмент және/немесе ақпараттық технологиялар.
    Тәуекелдерді басқару саласында сертификаттардың болғаны жөн.
  • Қаржылық/техникалық талдау және/немесе жобалық басқару және/немесе тәуекел-менеджмент және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит саласында және/немесе біліміне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 3 жыл немесе "Қазпошта" АҚ-да кемінде 2 жыл кәсіби өтілінің болуы.

Шарттары:

  • Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін
  • Астана