«Қазпошта» АҚ
«Қазпошта» АҚ
2.8

Оценка компании соискателями

55%

Кәсібилілік

58%

Сыпайылық

54%

Кері байланыстың жылдамдығы

54%

Тартымдылық индексі

«Қазпошта» АҚ

«Қазпошта» АҚ – Қазақстан Республикасындағы пошта байланысының ұлттық операторы. Ол Дүниежүзілік пошта одағында (ДПО) Қазақстанның Пошта әкімшілігінің мүддесін білдіреді және 2016 жылы ДПО-ның Әкімшілік кеңесінің құрамына сайланды. «Қазпошта» – жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның негізгі элементтерінің бірі болып табылады.

«Қазпошта» АҚ 1999 жылы құрылып, 2006 жылдан бері оның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» АҚ болып отыр.

Бүгінде «Қазпошта» – елдің барлық тұрғындарына пошталық және қаржылық қызметтер көрсететін және республика бойынша 22 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған Қазақстандағы ірі компаниялардың бірі.

«Қазпошта» АҚ-ның иелігінде Қазақстанның бүкіл аумағын, әсіресе, аудандық және ауылдық мекендерді (3 400-ден астам пошта бөлімшелерін) қамтитын елдегі ең ауқымды бөлімшелік желі бар. Пошта желісі бизнес пен халық үшін электрондық сауданы, көлік-логистикалық сервисті, агенттік, қаржылық қызметтерді дамытудың тиімді құралы болып табылады.

2014 жылы «Қазпошта» АҚ алғашқылардың бірі болып пошта қызметін трансформациялау үдерісіне қатысты. Трансформациялау бағдарламасының аясында компанияда жаңғырту және сапалы қызмет көрсету үдерісі белсенді жүруде. Атап айтқанда, іс барысын автоматттандыруға жаңа технологиялар енгізіліп, бизнес-процестер оңтайландырылды, клиенттерге қызмет көрсету стандарттары жетілдірілді және қызметтің жаңа түрлері жасалуда.

Компаниядағы бос орындар

Басқа2
"Қазпочта" АҚ "Астана почтамты" Астана филиалы өндіріс мәселелер жөніндегі директордың орынбасары
Еңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Астана қ.
18.03.2026 |  136
«Қазпошта» АҚ Инфрақұрылымды басқару дирекциясы Ағымдағы және капиталды жөндеу басқармасының жетекші менеджері
Еңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Астана қ.
18.03.2026 |  516
Бухгалтерия, басқарушылық есеп, мекеме қаржысы2
"Қазпочта" АҚ "Жалпы қызмет көрсету орталығы" филиалы Қазынашылық басқармасы бас менеджері
Еңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Астана қ.
18.03.2026 |  1059
"Қазпочта" АҚ Тәуекелдерді басқару департаменті бас менеджері
Еңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Астана қ.
18.03.2026 |  548
Транспорт, логистика1
«Қазпочта» АҚ "Qazpost Logistics" филиалы халықаралық және ішкі жүк тасымалдауды дамыту департаментінің бас менеджері
Еңбекпен толық қамтылу | Толық күн | Астана қ.
20.03.2026 |  1284

Еншілес компаниялардағы бос орындар