«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалының Сексеуіл локомотив пайдалану депосының 1-санатты инженер-экономисі

328286 - 347796
ТЧЭ-36 Сексеулское эксплуатационное локомотивное депо 3 группы Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
23

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • 1-санатты жоспарлы-экономикалық бөлімінің инженері-экономистінің функционалдық міндеттеріне мыналар кіреді: Жұмыс тобының құрамында жұмыс істейді, жөндеу кәсіпорындары (СО, МПР, қосымша жұмыстар) қызметтерін жеткізушілерден орындалған жұмыстар актілерін жасау кезінде фактілердің дұрыстығын бақылайды.
  • Үшінші тарап ұйымдары үшін кіріс актілерін және есептерін жасайды, олардың есебін жүргізеді. Материалдық көмек көрсету, байланыс қызметтері, тозу, материалдар, орындалған жұмыстар тізілімі бойынша есеп пен есептілікті жүргізеді.
  • Өндірістік емес шығындар сомасын өндіру, рекламациялық актілерді рәсімдеу, локомотивтердің артық жүрістерінен болған залалдарды есептеу және оларды өтеу сомасын талап ету жұмыстарын орындайды. Шаруашылық түрлері бойынша шығындар сметасын құрастырады және белгіленген нысанда «Материалдар», «Жанармай», «Электр энергиясы», «Тозу» баптары бойынша есеп береді.
  • Өндірістік емес шығындар жөніндегі есептілікті және «Жанармай бойынша ТЭР» бағдарламасы аясында филиалдар бойынша есепті ұсынады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары;
  • Мамандығы: Есеп және аудит, Экономика; Менеджмент; Қаржы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (теміржол көлігі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр