«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «ЖТ Қызылорда бөлімшесі» филиалының тасымалдауды ұйымдастыру және оның шарттары бөлімінің жетекші инженері

от 256853
НОД-10 (Кызылординское отделение ГП) Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
351

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қауіпті жөнелтілімдер бойынша есепке алу мен есеп беруді қамтамасыз етеді. 2. Көлеміне қарамастан жүктің ұрлануын, бүлінуін және жетіспеуін тергеп-тексеру үшін берілген талап-арыздар бойынша материалдарды, сондай-ақ аяқталған жүк қозғалысы үшін пойыздар қозғалысы кестесінен үзінді көшірмелерді жинайды. Белгіленген мерзімде жүкті тексеру материалдары бойынша есеп дайындайды.
  • Коммерциялық актілердің тіркелуін және МКҚК Қызылорда филиалына жөнелтілуін қамтамасыз етеді.
  • Коммерциялық актiлердi әзiрлеу және беру кезiнде станция қызметкерлерiнiң жөнсiз iс-әрекеттерiне жүк қабылдаушылардың шағымдарын қарауды қамтамасыз етедi және оларға жауаптар дайындайды.
  • Қауіпсіз тасымалдау фактілері бойынша хат алмасуды қамтамасыз етеді және материалдарды тергеу үшін прокуратураға, тартылған көлік бөлімшелерінің Мемлекеттік тергеу комитетіне жібереді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, Темір жол көлігіндегі көліктік логистика
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, тиісті бөлімнің инженері және жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы/тауар кассирі лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр