"ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері" ЖШС Алматы ст. өңірлік локомотив пайдалану бөлімінің қауіпсіздік жөніндегі жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Күнделікті шұғыл түрде қозғалыс қауіпсіздігі бұзылуын зерттеуді ұйымдастыру жұмысына атсалысу, алдын алу іс-шараларын жүргізу;
- Қозғалыс қауіпсіздігінің және локомотив өрт қауіпсіздігінің бұзылу жағдайын зерттеуді ұйымдастыру жұмысына атсалысу.
- Жедел түрде өңір бойынша қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына тұрақты түрде бақылау жасау;
- Күнделікті АЛСН, КЛУБ-У, БОРТ, радиостанция жұмыстарының ақауын есепке алу, қауіпсіздік құрылғы жұмыстары бойынша сараптама жасау;
- Күнделікті уәкілетті бөлімшелердің магистралды желіге шығуға құқық беретін локомотивтердегі қозғалыс қауіпсіздігі құрылғыларының жұмысын тексеріп «Рұқсат мөртабанының» басылуын бақылауға алу
- Қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін көтеру мақсатында, жаңа техникалық құрылғыларды енгізу жұмыстарын үйлестіру;
- Локомотив бригадаларына техникалық сабақ жүргізу сапасын, ұйымдастыруын тұрақты түрде тексеруді ұйымдастыру;
- Ағымдағы жоспарлау, есепке алу, есеп жұмыстарын құру және дер кезінде есеп жұмыстарын басшылыққа жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Жоғары тұрған ұйымдардың жеделхаттары мен тапсырыстары, бұйрық талаптарының орындалуын бақылау;
- Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу есебі
- Қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылу жөнінде талдау
- Мал басу оқиғаларын, автокөлікпен соқтығысу ток қабылдағыштардың зақымдануы бойынша бақылау және есепке алуды жүргізу, бақылауға алу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (Вагондар локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды ұйымдастыру, көлікті пайдалану (теміржол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: инженерлік лауазымда 1 жылдан кем емес және локомотив шаруашылығында мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес өтілі болу керек.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр