«KTZ Express» АҚ - «KTZE Южный» филиалы (Алматы қ.) директорының қызметтерді сату жөніндегі орынбасары

Жалақы көрсетілмеген
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Южный» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
286

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиал қызметтерін сатудың функционалдық бағыты бойынша басшылықты жүзеге асырады және Филиал бойынша қызметтерді сатуға берілген сандық және сапалық көрсеткіштердің орындалуын ұйымдастыру;
  • Басқа елдердегі Филиал өкілдіктерімен көлік-экспедиторлық қызмет көрсету, Филиалды дамыту мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастырады және маркетингттік қызметті жүргізу;
  • Тиімділіктің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз ету ;
  • Қосымша алымдар мен төлемдердің есептелуін, оларды жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардын өндіріп алуды бақылауды жүзеге асыру;
  • Логистикалық компаниялармен келіс сөздер жүргізеді және олармен транзиттік жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар жасау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы мен технологиялар; Логистика; Тасымалдауды, көлік қозгалысын және пайдалануды ұйымдастыру; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Юриспруденция; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.                
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кем дегенде 5 жыл, соның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кем дегенде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы