3-4 разрядты технологиялық қондырғылар операторы
332337 - 400555 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Лауазымның функционалы:
- технологиялық үдерісті жүргізу және технологиялық регламентке қатаң сәйкестікте қызмет көрсетілетін қондырғы блогының жабдықтарын пайдалану;
- режим парағын толтыру;
- бақылау-өлшеу аспаптарының және қызмет көрсетілетін блок бойынша деректерді жинау мен өңдеудің ақпараттық жүйесінің көрсеткіштері бойынша технологиялық режим нормаларының сақталуын бақылау;
- технологиялық қондырғы мен қосалқы жабдықты, машиналар, сауыттар мен аппараттарды бақылау және қорғау аспаптарын пайдалану және оларға қызмет көрсету, технологиялық үдерісті жүргізу;
- жабдықтың жұмысын және жылытуды бақылау;
- мұнай өнімдерінің сынамаларын алу.
Біліктілік талаптары:
- өндіріс бейініне сәйкес келетін мамандық бойынша жоғары немесе техникалық және кәсіптік білім;
- жоғары білім болған жағдайда-жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; техникалық және кәсіптік білім болған жағдайда мамандық бойынша жұмыс өтілі: 4 разряд үшін кемінде 1 жыл, 3-разряд үшін талап етілмейді.
Білімі мен дағдылары:
- мұнай өңдеу процестерін білу;
- мұнай өңдеу жабдықтарының ішкі құрылғыларын білу;
- слесарлық жұмыс дағдылары;
- бұрғылау жабдықтарын пайдалану дағдылары;
- мемлекеттік және орыс тілдерін білу;
- пайдаланушы деңгейінде Windows жүйесінің жұмысын білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру