"KEGOC" АҚ "Ақмола ЖЭТ" филиалының персоналмен өзара есеп айырысуды есепке алу бойынша 1 санатты бухгалтер
Біліктілікке қойылатын талаптар
Білім деңгейі |
Жоғары |
Мамандығы (диплом бойынша бағыты) |
Қаржылық және/немесе экономикалық және /немесе «Бухгалтерлік есеп және аудит» |
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Қаржы-бухгалтерлік саласында |
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
2-санатты бухгалтер лауазымындағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес немесе мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес болуы тиіс |
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· ҚР Бухгалтерлік және салықтық есеп, қаржылық есептілік туралы заңнамасын білу; · Салалық заңнаманы білу; · Дәлдік пен зейін; · Командада жұмыс істеу дағдылары, көшбасшылық және коммуникативтілік-ынтымақтастыққа ашықтық, көпшілік алдында сөйлеу дағдылары, әртүрлі көзқарастар арасында консенсус таба білу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу; · Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау). |
Лицензиялар, сертификаттар |
|
Қосымша талаптар |
· Microsoft office Word, Microsoft office Excel, Microsoft office Outlook, IBM Notes тәжірибелі пайдаланушысы, кеңсе периферияларын (принтер, факс, сканер) қолдана білу; интернет ресурстарын пайдалану дағдыларына ие болу · қазақ, орыс тілдерін білу. |
-
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) Көкшетау АЭТ, Петропавл АЭТ, Атбасар АЭТ қызметкерлерінің жалақысы бойынша есеп айырысу бөлігінде персоналмен өзара есеп айырысулардың бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі жұмысты орындайды;
2) Бухгалтерлік есептің сеніп тапсырылған учаскесі бойынша операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында сапалы және уақтылы көрсетеді;
3) "KEGOC"АҚ-ның қолданыстағы ережесіне сәйкес демалыстар, сыйлықақылар және өзге де сыйақылар резервін есептейді;
4) Көкшетау АЭТ, Петропавл АЭТ, Атбасар АЭТ қызметкерлеріне жалақыны есептеу және басқа да төлемдер мен олардан ұстап қалу мәселелері бойынша қызметкерлерге анықтамалар береді;
5) Көкшетау АЭТ, Петропавл АЭТ, Атбасар АЭТ қызметкерлерінің жалақысы мен фотосынан есептелетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мен жарналарды дұрыс ұстап қалғаны үшін жауапты болады;
6) филиал бойынша бұйрықтарға, атқару парақтарына және Көкшетау АЭТ, Петропавл АЭТ, Атбасар АЭТ қызметкерлерінің жалақысына қатысты басқа да құжаттарға сәйкес жалақыдан ұстап қалуды жүргізеді;
7) қаржылық есептерді толтыру үшін МВЗ және есептелген жалақы және әлеуметтік салық бойынша қаржылық позициялар бөлінісінде талдамалық есепке алуды жүргізеді;
8) Көкшетау АЭТ, Петропавл АЭТ, Атбасар АЭТ қызметкерлерінің жалақысы бойынша дербес шоттарды ресімдейді;
9) еңбек жөніндегі есепті тоқсан сайын дайындайды;
10) ЖТС, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік және өзге де аударымдар мен жарналар бойынша салық тіркелімдерін қалыптастырудың дұрыстығын тексеру;
11)әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге, бюджеттен тыс қорларға (зейнетақы қоры, міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры және міндетті медициналық сақтандыру қоры және т. б.) салықтарды аудару үшін кредиторлық берешекті қалыптастырады.;
12) бухгалтерлік есептің тиісті учаскесі бойынша филиалдың қаржы-шаруашылық қызметін талдау үшін тікелей басшыны салыстырмалы және анық бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз етеді;
13) бухгалтерлік құжаттардың сақталуын қадағалайды, оларды мұрағатқа беру үшін белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
14) жетекшілік ететін есепке алу учаскесі бойынша жыл сайынғы жоспарлы түгендеу жүргізуге қатысады;
15) бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп айырысуларды есепке алуды жүргізеді және талдауды, филиаларалық айналымдарды есепке алуды және есепке алудың жетекшілік ететін учаскесі бойынша салыстырып тексеру актілерін келісуді жүзеге асырады;
16) филиалдың атқарушы дирекциясы мен құрылымдық бөлімшелерінің сұрау салуы бойынша жетекшілік ететін есепке алу учаскесі бойынша ақпарат береді;
17) қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есептің тиісті учаскесі бойынша деректерді уақтылы дайындайды;
18) Филиалдың құрылымдық бөлімшелерін персоналмен есеп айырысуды есепке алу жөніндегі бухгалтердің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдістемелік және консультациялық көмекпен қамтамасыз етеді;
19) іс қағаздарын жүргізеді және бухгалтерияда БМЖ енгізуге жауапты болып табылады;
20) өзінің тікелей басшысының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды;
21) өзінің жұмыс орнын тәртіппен ұстайды. Жұмыс кезінде ол ақаулы есептеу техникасын пайдаланбайды, компьютерде жұмыс істеген кезде электр сымдарының күйін бақылайды, жұмыс күнінің соңында электр құрылғылары мен электр жабдықтарын өшіреді.
Ұқсас вакансиялар


