Бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау бөлімінің бюджеттеу және ұзақ мерзімді жоспарлау секторының жетекші экономисты
«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ақтау қаласы, ірі мұнай кәсіпорны «Oil Services Company» ЖШС
Біліктілік талаптары:
- Жоғары білім («Экономика», «Қаржы» немесе тиісті мамандықтар)
- Сала бойынша кемінде 5 жыл тәжірибе (мұнай-газ саласындағы немесе «Самұрық-Қазына», ҚМГ жүйесіндегі тәжірибе артықшылық болып саналады)
- Басшылық қызметтегі немесе бөлім бастығының міндетін атқару тәжірибесі артықшылық болып саналады
- ХҚЕС, басқарушылық, қаржылық және инвестициялық талдау әдістерін білу
- Бюджетті дайындау және қорғау, жоспар-факт талдау, орындалуын бақылау тәжірибесі
- Жобаларды басқару дағдылары және/немесе бөлім басшысының міндетін атқару тәжірибесі
- Қаржылық модельдеу және болжау құралдарын меңгеру
- 1С, Excel бағдарламаларын еркін білу; Power BI және басқа бизнес-аналитика құралдарын білу артықшылық болып табылады
- Аналитикалық ойлау қабілеті, күйзеліске төзімділік, жауапкершілік, басқарушылық шешім қабылдау қабілеті.
Функционалдық міндеттер:
- Компания қызметіне қаржылық-экономикалық кешенді талдау жүргізу
- Бюджетті қалыптастыру, сүйемелдеу және орындалуын бақылау (жылдық, тоқсандық, айлық)
- Басшылық үшін басқарушылық, талдамалық, консолидирленген және болжамдық есептілікті дайындау
- Шығындарды оңтайландыру және экономикалық тиімділікті арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу
- Бөлім жұмысын жоспарлау және үйлестіру (бөлім бастығының міндетін атқару кезеңінде)
- Бюджет, инвестициялар, жоспарлау және сатып алу мәселелері бойынша басқа қызметтермен өзара іс-қимылды ұйымдастыру
- Қаржылық тәртіптің сақталуын және есептілікті уақытылы ұсынуды бақылау
- Компанияның стратегиялық даму жоспарларын және инвестициялық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу
- Материалдарды дайындау және есептерді кеңестерде, басшылық алдында және аудиторлар алдында қорғау
- Ішкі құжаттаманы жүргізу және оны заңнамаға, сондай-ақ компанияның ішкі регламенттеріне сәйкестендіру
Жұмыс шарттары:
- Бәсекеге қабілетті еңбекақы (сұхбаттасу нәтижесі бойынша анықталады)
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа қабылдау, толық әлеуметтік пакет
- Жұмыс кестесі: 5/2, сағ. 08:30–18:00 (толық жұмыс бастылық)
- Жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы жүйесі (тоқсандық және жылдық бонустар)
- Корпоративтік жеңілдіктер (медициналық сақтандыру, қызметтік көлік,)
- Кәсіби даму және мансаптық өсу мүмкіндіктері
- Мұнайсервис секторында тұрақты компанияда жұмыс істеу