Корпоративтік хатшы

«Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
60

Қаралған саны:
658

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Корпоративтік басқару жүйесінің дамуын қамтамасыз ету;
  • Корпоративтік мінез-құлықтың үздік тәжірибелерін сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;
  • Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің жұмысын қолдауды қамтамасыз ету;
  • Қоғам органдарының тиімді өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
  • Бір ғана акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
  • Қоғам туралы ақпаратты жариялауды (ұсынуды) қамтамасыз ету және Қоғамның құжаттарын заңнама мен Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес сақтау.

Талаптар:

  • жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім;
  • жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл, соның ішінде корпоративтік құқық, корпоративтік қаржы немесе корпоративтік басқарумен байланысты жұмыс тәжірибесінің болуы артықшылық;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
  • корпоративтік қатынастар қатысушылары арасында келіссөздер жүргізу және конфликтілерді реттеу қабілеті;
  • ұйымдастырушылық және аналитикалық дағдылар;
  • мемлекеттік тілде, сондай-ақ ағылшын тілінде сөйлеу.

Шарттар:

  • Еңбек кодексіне сәйкес еңбек келісімшартын рәсімдеу;
  • Жалақы + қызмет нәтижелілігі бойынша тоқсандық сыйақылар;
  • Отбасы үшін медициналық сақтандыру (үш адамға дейін)
  • Оқыту және кәсіби даму;
  • Кәсіби ұжым;