Омбудсмен Акционерлік қоғамы «Қазпошта»
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) Қоғам қызметкерлерінің әрекеттері (әрекетсіздігі) мен қабылданған шешімдеріне (актілеріне) қатысты өтініштерін қарау;
2) Қоғам қызметкерлеріне құқық қорғау және сот органдарына жібермей, дауларды (конфликтілерді) ерте кезеңде реттеуге көмек көрсету;
3) Омбудсменнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
4) Қоғамның лауазымды тұлғаларына түскен өтініштер бойынша дауларды (конфликтілерді) реттеу жөнінде ұсыныстар беру;
5) Жүйелі құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы дауларды (конфликтілерді) шешу және алдын алу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
6) Қоғам қызметкерлерімен, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен қажетті жиналыстар, кездесулер, консультациялар, талқылаулар өткізу, сондай-ақ түскен өтініштер бойынша Қоғам қызметкерлерін тыңдау;
7) Жүргізілген жұмыстың нәтижелері туралы есепті Қоғамның Директорлар кеңесіне және оның комитеттеріне белгіленген тәртіппен ұсыну;
8) Омбудсменнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен, кәсіподақтармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
9) Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және Қоғамдағы корпоративтік мәдениетті арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
10) Бизнес этикасы кодексін, Омбудсменнің рөлін және болжамды бұзушылықтар туралы хабарлау жүйесінің қолжетімділігін түсінуге бағытталған лауазымды тұлғалар мен қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүргізуді бастау;
11) Оған жүгінген тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған басқа да шараларды қабылдау.
Талаптар:
- заң/бизнес әкімшілігі/мемлекеттік басқару саласында жоғары кәсіби білім
- 1) ірі холдингтік немесе өндірістік компанияда, немесе тікелей инвестициялар қорында немесе ірі инвестициялық қорда 10 (он) жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, оның ішінде 3 (үш) жылдан кем емес басшылық лауазымдарда;
2) келіссөздер жүргізу, медиация және дауларды (конфликтілерді) басқару саласындағы жұмыс тәжірибесі;
3) арбитраждық тәжірибенің болуы немесе арбитраждарда және/немесе төрелік соттарда арбитр ретінде мүшелік;
Шарттар:
- Демалыс күндері – сенбі және жексенбі бар бес күндік жұмыс аптасы, күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс және тамақ ішу үшін үзіліс 13-00-ден 14-00-ге дейін.
- Астана қаласы