Даму тобының менеджері
"Қазпошта" АҚ "Kazpost Digital" филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттер:
- 1) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу/тестілеу/енгізу және сүйемелдеу;
2) Қоғамда ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелері бойынша кеңес беру;
3) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласындағы оң тәжірибені зерттеу және практикада қолдану;
4) SD-ге келіп түсетін сұрауларды белгіленген мерзімде орындау;
5) Бағыттың тікелей басшысының, басқарманың басшысының, филиал директорының тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау (мерзім анықталмаған жағдайда, Қоғамның құжат айналымы бойынша ережелер мен нормативтік құжаттарда көрсетілген мерзімдерге сәйкес);
6) Ақпараттық жүйелердің жаңа функционалын іске асыру/бар функционалды жетілдіру және техникалық қолдау алу мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсететін мердігерлік компаниялармен өзара әрекеттесу;
7) Ақпараттық жүйелердің жұмысындағы ақаулар мен бұзушылықтардың себептерін талдау, оларды жою және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау, олардың сапасы мен сенімділігін арттыру;
Талаптар:
- Техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе математика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе экономика және/немесе қаржы бойынша жоғары және/немесе орта арнайы білім.
- Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс тәжірибесі кемінде 6 ай.
Жоғары білім мен тиісті курстарды аяқтағаны туралы сертификат және/немесе кәсіби сертификат болған жағдайда жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды.
Шарттар:
- Аптасына 5 жұмыс күні 5/2