Даму тобының бас менеджері
"Қазпошта" АҚ "Kazpost Digital" филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу/тестілеу/енгізу және сүйемелдеу;
2) Компанияда ақпараттық жүйелерді қолдану мәселелері бойынша кеңес беру;
3) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу саласындағы оң тәжірибені зерттеу және практикада қолдану;
4) SD-ге келіп түсетін сұрауларды белгіленген мерзімдерде орындау;
5) Бағыттың тікелей басшысының, Басқарманың бастығының, техникалық директордың және филиал директорының тапсырмаларын белгіленген мерзімдерде орындау (мерзім анықталмаған жағдайда, Компанияның құжат айналымы бойынша ережелерінде және нормативтік құжаттарында көрсетілген мерзімдерге сәйкес);
6) Ақпараттық жүйелердің жаңа функционалын іске асыру/бар функционалды жетілдіру және техникалық қолдау алу мәселелері бойынша техникалық қолдау көрсететін мердігерлік компаниялармен өзара әрекеттесу;
7) Ақпараттық жүйелердің істен шығу себептерін және бұзушылықтарын талдау, оларды жою және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау, олардың сапасы мен сенімділігін арттыру;
Талаптар:
- Техникалық ғылымдар мен технологиялар және/немесе математика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе экономика және/немесе қаржы бойынша жоғары және/немесе орта арнайы білім.
Сәйкес курстарды аяқтағаны туралы сертификат және/немесе кәсіби сертификаттың болуы артықшылық болып табылады. - Ақпараттық технологиялар саласында жұмыс тәжірибесі кемінде 5 жыл. Егер ИТ мамандықтары бойынша сәйкес білім болса, жұмыс тәжірибесі 2 жылға дейін қабылданады.
Шарттар:
- Аптасына 5 жұмыс күні 5/2