Релелік қорғаныс және автоматика қызметінің инженері
484000 - 483998 KZT
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымның функционалы:
- релелік қорғау және электроавтоматика құрылғыларын пайдалануды әдістемелік және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайды;
- жабдықтағы қысқа тұйықталу токтары мен кернеулерінің мәндерін, селективтілік шарттарын, олардың әсер ету сезімталдығын есептейді;
- релелік қорғау және электроавтоматика құрылғыларының жұмысын есепке алуды және талдауды жүргізеді, релелік қорғау және электроавтоматиканы орнату схемаларын, орналасу орнын, түрін өзгерту туралы ұсыныстардың нұсқаларын пысықтайды;
- релелік қорғау және электроавтоматика құрылғыларының жай күйін мерзімді тексеруді жүзеге асырады;
- релелік қорғау және электроавтоматика аппаратуралары мен тізбектерін әзірлеуге және орындауға және реконструкциялауға, релелік қорғау мен электроавтоматиканың жаңа құрылғыларын орнатуға, оларды қайта баптауға және жаңғыртуға қатысады;
- электр жабдықтарын күрделі жөндеу мен монтаждауды орындағаннан кейін іске қосу схемаларын, релелік қорғау және электр автоматикасы құрылғыларын сынаудың жұмыс бағдарламаларын жасауға және келісуге қатысады;
- релелік қорғаныс пен электроавтоматиканың күрделі пайдалану сынақтарын жүргізуге басшылық етеді.
Біліктілік талаптары:
- «Инженер-электрик" мамандығы бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
- жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
- РҚжәнеА жүйелерімен жұмыс істеуге арналған сертификаттар.
Білімі мен дағдылары:
- РҚжәнеА құралдарының схемаларын, жұмыс принциптерін, конструктивтік ерекшеліктерін, қалыпты және рұқсат етілген пайдалану режимдерін білу;
- негізгі желінің бастапқы және қайталама коммутациясының электр тізбектерін білу;
- РҚжәнеА құрылғылары орнатылған жабдықты пайдаланудың техникалық құрылғыларын, конструктивтік ерекшеліктерін, қалыпты, авариялық, авариядан кейінгі және жөндеу режимдерін білу;
- РҚжәнеА құрылғыларына техникалық қызмет көрсету, жұмысты тексеру, баптау және сынау жөніндегі жұмыстардың технологиясын білу;
- қызмет көрсетілетін жабдықты дайындаушы зауыттардың қолданбалы бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар
5-разрядты тоңазытқыш жабдықтары жөніндегі электрмеханик
«Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар қ.
16.10.2025 | 6973
347141 - 347141 KZT
Жөндеулерді жоспарлау және сүйемелдеу қызмтеі, жөндеулерді жоспарлау және сүйемелдеу бөлімінің 1-санатты инженері
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
05.11.2025 | 50
345356 - 365356 KZT
Отын-көлік-1 цехының 6-разрядты поезд электр механигі
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
05.11.2025 | 31
440166 - 460166 KZT