"Қазтеміртранс" АҚ бухгалтерлік есеп департаментінің салық есебі бойынша фб. бас менеджер (17 грейд)

от 652848
АО "Қазтеміртранс" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
132

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғамның салықтық міндеттемелерін ҚР салық заңнамасына сәйкес орындауды қамтамасыз етеді;
  • "Қоғамның келісімшарттары мен келісімдерінің жобаларын резидент және бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарынан төлем көзінен салық салу мәселелері бойынша қарастырады;
  • Резидент және бейрезидент табыстарынан төлем көзі бойынша ұсталған табыс салығының есептеулерін құрастырады және белгіленген мерзімде ұсынады;
  • Резидент және бейрезидент заңды тұлғалардың табыстарынан төлем көзі бойынша салық салуға жататын салық агенті ретінде салық міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді.. (қаржыландыруға өтінімдерді қалыптастыру, есептеу бойынша бухгалтерлік анықтамаларды құрастыру тб);
  •  Кейінге қалдырылған корпоративтік табыс салығы бойынша есептеулерді қалыптастырады және тәуелсіз аудиторларға ұсынады және Қоғамның қаржылық есептілігін ХҚЕС-қа сәйкес аудит жүргізу кезінде Қоғамның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін дайындауға қатысады;
  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ-на кейінге қалдырылған табыс салығы бойынша есептеуді құрастырады және ұсынады.

 Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары 
  • Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы; салықтар және салық салу.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)