«Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау станциясы өрт сөндіру пойызының өрт сөндіру түтіктерін жөндеу және өрт техникасына қызмет көрсету шебері

298474 - 308654
Павлодарское отделение магистральной сети Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
54

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жеке құрамның іскерлік және моральдық-психологиялық қасиеттерін, өрт сөндіру поезының, өрт сөндіру техникасы мен өрт-техникалық жабдығының тактикалық-техникалық деректерін зерделеу және білу.
  • Өрт жарылыс қауіптілігін, өрт жабдықтарымен, өрт автоматикасы қондырғыларымен, су құю станцияларымен жарақтандырылуын, олардың жай-күйін, қызмет көрсетілетін телімдегі объектілер мен жылжымалы құрамның техникалық сипаттамасын білу.
  • Кезекшілік бойы объектіде қалыптасатын жағдайды зерделеу мен білу және қызмет көрсетілетін телімде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қарауылдың қызмет атқаруы бойынша өрт сөндіру поезының бастығы әзірлейтін іс-шараларды орындау.
  • Магистральдық желіге шығу кезінде ТТС, ЖС және ТЖЖ бар локомотивтердің, жүк вагондарының және контейнерлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеру.  
  • Өрт сөндіру техникасын, жабдықтарын, байланыс, өрт сигнализациясы құралдарын, өрт сөндіру гидранттарын, құю гидроколонкалары мен суаттарды, ғимараттар құрылыстар мен су көздеріне өтпелерді және кіреберістерді тұрақты түзу жай-күйде күтіп-ұстауды қадағалау; ақаулар анықталған кезде оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдау және қажет болған жағдайда өрт сөндіру поезының бастығына баяндау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік), өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы оқу орталықталығында өрт қауіпсіздігі бойынша арнайы дайындық
    Мамандық саласы: Көлік, көліктік техника және технологиялары (Көтерме-көлік, құрылыс, жол машиналары және жабдықтары, Вагондар);
  • Автоматтандыру және басқару; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетика, көліктегі логистика, Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету;Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
  • Жұмыс өтілі: 2 жылдан кем болмауы тиіс

  • Білімі: Орта, өрт қауіпсіздігі саласындағы арнайы оқу орталықталығында өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғау бойынша арнайы дайындық
  • Жұмыс өтілі: 2 жылдан кем болмауы тиіс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж