Өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек қорғау және ТЖ департаменті еңбек, денсаулық қорғау, өрт қауіпсіздігі және ТЖ бөлімінің (өрт қауіпсіздігі жөніндегі) бас маманы
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына, халықаралық стандарттарға және «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) ішкі құжаттарына сәйкес өрт қауіпсіздігі бойынша өндірістік (ішкі) бақылауды жүзеге асыру;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйғарымдары мен шешімдерін, Қоғам бұйрықтарын, өкімдері және өзге де шешімдерін орындау;
- Қоғам объектілерінде болған өрттердің себептеріне талдау жүргізу, оларды жоюға бақылауды жүзеге асыру;
- өрт қауіпсіздігінің мәселелері бойынша бұйрықтардың, ұйымдастыру және өкімдік құжаттарының (бұйрықтар, өкімдер, кестелер, жоспарлар мен т.б.) жобаларын даярлау, өрт қауіпсіздігінің шаралары туралы нұсқаулықтар, нұсқамалықтар бағдарламаларын, жаднамалар даярлау;
- Қоғам объектілерінде болған өрттер туралы Департамент басшысын уақытында хабардар ету;
- Қоғам объектілерінде болған өрттерді тергеп-тексеруге қатысу;
- Бөлім құзыреті шегінде бюджет баптары бойынша Қоғамның бизнес-жоспарын қалыптастыруға қатысу;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша шарттарға ілесу;
- Бөлімшелерде өрттік-тактикалық жаттығулардың және өрттік-тактикалық сабақтардың уақытында және сапалы өткізілуін ұйымдастыру;
- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелеріне, оның еншілес және бірлесіп -бақыланатын ұйымдарына (бұдан әрі – ЕББҰ) әдістемелік көмек көрсету;
- тікелей басшымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен оған жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Талаптар:
- кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім;
- мамандығы бойынша кемінде 4 жыл, мұнай-газ саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар

Ақмола мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің Астана ст. инспекторы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
02.06.2025 | 689
от 306000

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы Алматы мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет станциясының инспекторы
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
04.06.2025 | 929
от 385970
«Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ерейментау станциясы өрт сөндіру пойызының өрт сөндіру түтіктерін жөндеу және өрт техникасына қызмет көрсету шебері
Павлодарское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
04.06.2025 | 54
298474 - 308654