«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы Бизнес-талдау департаменті Тараз өңірлік бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарының филиалдарында статистикалық есеп жүргізу және статистикалық есептілікті қалыптастыру бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;
- Қолданыстағы әдістеменің сақталуын, статистикалық есеп жүргізу мен есептіліктің сапасы мен тәртібін, статистикалық деректердің дәлдігін жүйелі түрде мониторинг жүргізу;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарының филиалдарында статистикалық есеп жүргізудің және есептілікті қалыптастырудың дұрыстығын тексеру, сондай-ақ статистикалық есеп жүргізу және есептілікті қалыптастыру бойынша өзекті жергілікті актілердің бар-жоғын қадағалау;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарының филиалдарының эксплуатациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша бизнес-талдау жүргізу;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары мен еншілес ұйымдарының филиалдарының эксплуатациялық қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша жиынтық статистикалық есептерді, анықтамалық және талдамалық ақпаратты жинақтау, қалыптастыру және Бизнес-талдау департаментіне ұсыну;
- Статистикалық есептерді жинау, тексеру және өңдеуді жүзеге асыра білу, статистикалық есептер бойынша деректердің жинақ базасын жүргізу дағдылары;
- Статистикалық есептерден жиналған деректерінен талап етілетін нысандар бойынша анықтама-талдамалық ақпаратты қалыптастыру дағдылары;
- Бизнес деректерді және де статистикалық есептерді қалыптастыру тәртібі мен әдіснамасын қарастыратын жергілікті актілерді өзектендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу дағдылары;
- Статистикалық талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыра білу дағдылары.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары;
- Мамандық: статистика; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; көлік, көлік техникасы мен технологиялары, логистика (сала бойынша); тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; экономика; қаржы; есеп және аудит; менеджмент және теміржолшы кәсібі.
- Жалпы жұмыс тәжірибесі: темір жол саласында мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс атқару: кәсіби мамандығы бойынша басшылық қызметте 1 жыл жұмыс атқару
Қосымша талаптар:
- Статистикалық және талдау әдістерін қолдана отырып, үлкен көлемдегі ақпаратты жүйелеу және жіктеу;
- нормативтік-құқықтық актілермен және құжаттамамен жұмыс істеу.
- ауызша және жазбаша коммуникация дағдылары, кез келген деңгейдегі сендіру және ықпал ету дағдылары;
- нормативтік құжаттар және жаңа есептерді дайындау;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр