«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ құрылыс бөлімінің құрылысты бақылау жөніндегі 2 категориялы инженері
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттемелер:
- Басқарманың ғимараттары мен құрылыстарын күрделі салу бойынша индикативтік және жыл сайынғы жоспарларды әзірлеу үшін бастапқы материалдарды дайындау, оларды Қоғам бюджетімен байланыстыру;
- № 2 және № 3 формалар бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын тексеру, сондай-ақ орындалған жұмыстардың сапасын және олардың жетекшілік ететін объектілер бойынша жобаға және сапаға сәйкестігін тұрақты тексеру.
- Күрделі құрылыс және негізгі құралдарды жөндеу жоспарларына сәйкес мердігерлік ұйымдардың құрылыс-монтаждау және жөндеу жұмыстарын орындауының ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық талдамаларын жасау;
- Күрделі жөндеу объектілерінің орындалған жұмыстары бойынша мердігерлермен және есепке алу қызметімен ай сайын салыстырып тексеру, САП бағдарламасымен жұмыс, құрылыс материалдарын күн сайын бөлу;
- Мердігерлік ұйымдардың өндірістік объектілердегі қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын сақтауын, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария қағидалары мен нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- Басқарма бойынша ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жоспарларының орындалуы туралы есеп жүргізу және есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындау;
- Басқарма бастығы бұйрығының негізінде ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу объектілеріне байланысты барлық мәселелерге жетекшілік ету;
- Ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу объектілері бойынша техникалық қадағалау функциясын жүзеге асыру;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бағалау және талдау үшін жетекшілік ететін ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу объектілеріне тұрақты шығуды жүзеге асыру (айына кемінде 4-5 рет).
- Жобалау ұйымынан келісуге ұсынылған әзірленген жобалардың сапасын ҚНжЕ сәйкестігіне тексеру;
- Жобалау институттары мен жобалау-сметалық қызметтерден жобалау-сметалық және техникалық құжаттаманы келісу, тапсырмалар беру және қабылдау;
- Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бастапқы деректерді дайындау;
- Жоғары тұрған ұйымдарға, басқару қызметтеріне құрылыс-монтаждау және жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау бойынша сұратылатын деректерді беру;
- АПЗ құжаттарын ресімдеуге құжаттаманы дайындау және бақылау.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары техникалық (құрылыс) білімі
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан кем емес (инженерлік-техникалық лауазымдарда, құрылыс саласының)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : 2 жылдан кем емес
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
- Өндірістік, өндірістік емес және әлеуметтік мақсаттағы объектілердің күрделі құрылысын салу, қайта салу, жөндеу жұмыстары саласындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білуі;
- Объектілердің күрделі құрылысын салу (реконструкциялау) және жөндеу жұмыстары саласындағы нормативтік құжаттарын, басқа да әдістемелік және басшылыққа алынатын материалдарды білуі;
- Құрылыс өндірісінің технологиясын, құрылыс жұмыстарын жүргізу тәсілдерін білуі;
- Құрылыс, (реконструкциялау) және объектілерді жөндеу жұмыстарына қойылатын ҚР-ның техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптарын білуі;
- Құрылыс конструкцияларын жасау және монтаждау технологиясын білуі;
- Стандарттарды, техникалық шарттарды және жобалау құжаттамасын рәсімдеу бойынша басқа да басшылыққа алынатын материалдарды білуі.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Компьютерде тұтынушы деңгейінде жұмыс жасау дағдысының болуы.
- Іскерлік хат алмасу дағдысының болуы;
- Тәжірибелі тұтынушы деңгейінде (Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint), Directum, Internet Explorer, Outlook, AutoCad, MS Project) жұмыс жасау дағдысының болуы.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі - 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру