«Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ құрылыс бөлімінің құрылысты қадағалау жөніндегі инженері

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
44

Қаралған саны:
451

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Басқарма ғимараттары мен құрылыстарын салу және күрделі жөндеу бойынша индикативтік және жыл сайынғы жоспарларды әзірлеу үшін бастапқы материалдарды дайындау, оларды компания бюджетімен байланыстыру.
  2. № 2 және № 3 формалар бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарын тексеру, сондай-ақ орындалған жұмыстардың сапасын және олардың жетекшілік ететін объектілер бойынша жобаға және сапаға сәйкестігін тұрақты тексеру.
  3. Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізу және Басқарма бойынша күрделі құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және ЖІЖ жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау үшін қажетті деректерді дайындау.
  4. КҚ, КЖжҚ және ЖІЖ жоспарларының жобасын жасақтау;
  5. КЖжС объектілері бойынша ақау ведомстволарын жасау және сметалық есептерін тексеру;
  6. «АВС-4РС, техникалық есептеулерді жүргізу» бағдарламалық кешенін қолдана отырып сметалық есептер жасақтау;
  7. Күрделі жөндеуге бекітілген титулдық тізімдерді, жөндеуге және қайта жаңартуға жататын объектілердің ақаулар ведомостарын, жөндеу ведомостарын және жұмыс сызбаларын қарау және талдау;
  8. Құрылыс, монтаждау және т.б. жұмыстардың барлық түрлерінің сметалық құнын анықтау үшін бастапқы деректерді талдау негізінде дайындау;
  9. Ескертулер бойынша сметалық құжаттаманы түзету;
  10. Баға немесе жұмыс көлемі өзгерген жағдайда сметалық-қаржылық есептерге тиісті нақтылаулар мен түзетулер енгізу;
  11. АВС-PIR бағдарламасы бойынша жобалау жұмыстарына смета жасау;
  12. Сметалық құны туралы қажетті анықтаманы дайындау;
  13. Қазақстан Республикасында қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерін, сондай-ақ басқа да нормативтік құжаттарды сақтай отырып, жұмыстарды белгіленген мерзімде жоғары техникалық деңгейде уақтылы орындау;
  14. Авторлық және техникалық қадағалау жұмыстарын ұйымдастыру және қолдану;
  15. Ай сайынғы және түпкілікті АВР тексеру және келісу (СМР, КРОС).


Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : тиісті мамандық бойынша жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан кем емес (инженерлік-техникалық лауазымдарда құрылыс саласында)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : 1 жылдан кем емес


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. Өндірістік, өндірістік емес және әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу жұмыстары саласындағы қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу;
  3. Объектілерді салу (реконструкциялау) және күрделі жөндеу жұмыстары саласындағы нормативтік құжаттарды, басқа да әдістемелік және басшылыққа алынатын материалдарды білу;
  4. Құрылыс өндірісінің технологиясын, құрылыс жұмыстарын жүргізу тәсілдерін білу;
  5. Құрылыс, (реконструкциялау) және объектілерді жөндеу жұмыстарына қойылатын ҚР техникалық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік талаптарын білу;
  6. Құрылыс конструкцияларын дайындау және монтаждау технологиясын білуі;
  7. Стандарттарды, техникалық шарттарды және жобалық құжаттаманы ресімдеу бойынша басқа да басшылыққа алынатын материалдарды білу.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
  2. Іскерлік хат алмасу дағдысының болуы;
  3. Тәжірибелі тұтынушы деңгейінде (Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint), Directum, Internet Explorer, Outlook, AutoCad, ABC 4 (Сметалық бағдарлама) MS Project) жұмыс жасау дағдысының болуы.

  

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: Аққыстау ауылы, «Жайықмұнайгаз» басқармасы
Жұмыс кестесі - 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру