Комплаенс-офицер

«KMG EP-Catering» ЖШС Жаңаөзен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
88

Қаралған саны:
2278

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Сыртқы реттеуші талаптарды анықтау, олар бойынша коммуникация жүргізу және Комплаенс стандарттары мен саясаттарын енгізу;
  • Коммерциялық парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған Тауаршылық пен еншілес ұйымдардың ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша реттеуші органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, лауазымға үміткерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді жазбаша түрде қабылдауын бақылауды жүзеге асырады;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу және өзектендіру жұмыстарын жүргізеді;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
  • Тауаршылықтың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері арасында мүдделер қақтығысының туындауы мүмкін жағдайлар туралы мәліметтерді ашу және оларды реттеу процесін ұйымдастырады, сондай-ақ корпоративтік этикалық құндылықтарды дамытады;
  • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі деңгейде талдау жұмыстарын жүргізу;
  • Тауаршылық жасайтын азаматтық-құқықтық шарттарға тараптардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, іскер этиканың және адалдықтың нормаларын, сондай-ақ әділ бәсекелестік қағидаларын міндетті түрде сақтауын көздейтін талаптарды енгізуді қамтамасыз етеді;
  • Тауаршылықтағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындап, Тауаршылықтың ресми веб-сайтында орналастырады;
  • Тауаршылық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мен Іскерлік этика кодексінің бұзылуы мүмкіндігі туралы әлеуметтік сауалнамалар өткізеді;
  • Тауаршылықтың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделеріне қатысты ықтимал құқық бұзушылықтар фактілері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру шараларын жүргізу;

Талаптар:

  • Мемлекеттік органдар мен Компания арасындағы құқықтық және экономикалық қатынастарды реттейтін ҚР нормативтік-құқықтық актілерін білу;
  • Комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу тәжірибесі мен дағдылары, сондай-ақ комплаенс рәсімдері аясында бизнес-процестерді мониторингтеу, тергеулер жүргізу және этика мен комплаенс саласындағы есептерді қалыптастыру;
  • Өзінің құзыреті шегінде Тауаршылықтың Интеграцияланған басқару жүйесінің құжаттамасын және ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының талаптарын қамтамасыз етеді;
  • Комплаенс саласында 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар;
  • Комплаенс саласында халықаралық және ұлттық кәсіби ұйымдар берген жарамды кәсіби сертификаттар.

Шарттары:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр