«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Механикаландыру және көлік цехының механигі
Лауазымдық міндеттері:
- Цехтың іс қағаздарын жүргізу;
- Цех қызметкерлерінің іссапар куәліктерін ресімдеу, олардың есеп беру құжаттарымен филиал бухгалтериясына тапсырылуын бақылау;
- Дәрі-дәрмек қобдишаларындағы дәрі-дәрмектердің толықтырылуына және жұмсалуына бақылау жүргізеді;
- Көлік құралдарына айыппұлдарды тұрақты бақылауды жүргізу;
- ЖҚЕ ережелерін бұзушылықтардың болуына GPS-мониторинг жүйесін уақтылы бақылауды жүргізу;
- Жолдардағы қауіпсіз қозғалыс туралы жүргізуші құраммен Нұсқаулық, әңгімелер өткізу;
- Жүк көтергіш машиналар мен механизмдерді сынау мен техникалық куәландыруды уақтылы жүргізу бойынша есеп жүргізу;
- Цех бастығының осы лауазымдық нұсқаулықпен көзделмеген жеке тапсырмаларын орындау.
Талаптар:
|
Білім деңгейі |
Жоғары / орта білімнен кейінгі кәсіптік білім |
|
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
тиісті техникалық мамандық бойынша (Механикаландыру және көлік саласында). |
|
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
Механикаландыру және көлік саласында. |
|
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
Жоғары білім 3 жылдан кем емес/ орта білімнен кейінгі 5 жылдан кем емес |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
- |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
· Орындалатын жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік және басқа материалдарды білу; · Автокөлік құралдарын пайдалану деректері мен техникалық пайдалану ережелерін білу; · Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру және технологиясын білу; · Кәсіпқойлық (адалдық, объективтілік және кәсіби этика қағидаттарын қатаң сақтау); · Электр қауіпсіздігі бойынша III топ болған жөн.
|
|
Лицензиялар, сертификаттар |
· Қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн. |
|
Қосымша талаптар |
· MS office қуатты пайдаланушысы; · Қазақ, орыс тілдерін білу. |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-ден 17:00-ге дейін;
- Еңбек демалысы 30 к. б.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
- Жұмыс орны: Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Казыбаева 23 а
- Бос лауазым тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 2025 жылдың қараша айының 6 дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар