"Кедентранссервис"АҚ сату департаментінің (16 грейд) менеджері

от 436348
АО «Кедентранссервис» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
63

Қаралған саны:
447

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Бекітілген клиенттердің атына тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтер үшін берілген есепті кезеңнің ай сайынғы жабылуы бойынша ТЭН есебі.
  • Бекітілген клиенттерге қойылған экспорттық және импорттық контейнерлік тасымалдар бойынша есепті кезеңнің ай сайынғы жабылуы бойынша тасымалдау тізілімін дайындау.
  • Бекітілген клиенттердің атына тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтер үшін берілген есепті кезеңнің ай сайынғы жабылуы бойынша ТЭН есебі.
  • Бекітілген клиенттердің атына басқа меншік иелерінің тартылған вагондар паркін операциялау қызметі үшін логистика департаментімен ай сайынғы салыстыру.
  • Қоғам мен клиенттер арасында қол қойылған орындалған жұмыстар актілерінің түпнұсқаларын және тасымалдау тізілімдерін бухгалтерлік есеп департаментіне ай сайын ұсынуды жүзеге асырады.
  • ШЖК-тасымалдау бағдарламасында тасымалдау бойынша орындалған жұмыстардың актілерін қалыптастыруды, бекітілген клиенттермен шот-фактураларға орындалған жұмыстардың актілерін бекітуді жүзеге асырады.
  • "Рейль-Тариф" және "ШЖК-тасымалдау"бағдарламаларында жұмысты жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Логистика, тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Менеджмент, Маркетинг, Халықаралық қатынастар. Экономика.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы