№ 1 АЭЖБ бастығының орынбасары

"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
66

   Конкурс туралы

Міндеттері

 

  1. Мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың есебін жүргізу бойынша жұмысты орындау. Ай сайын, белгіленген мерзім бойынша басқа ұйымдардың шарттық жұмыстары мен қызметтеріне орындалған жұмыстардың актілерін жасау, шот-фактураларды алу.
  2. Жылдық бюджеттік өтінімді жасауға қатысу.
  3. Күн сайын электр энергиясы үшін төлемнің келіп түсуін салыстыру. Жеке және заңды тұлғалардан электр энергиясы үшін төлемдердің түсуін негізсіз төмендету жөнінде шаралар қабылдау. Күн сайын ақшалай қаражаттың түсуі бойынша есептік деректерді ұсыну.
  4. Инженерлердің тұтынушылармен жүргізетін жұмысына бақылауды жүзеге асыру. Өндірістік тапсырмаларды бөлу және басшылық тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына жауапты болу.
  5. Электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу бойынша бағдарламалық-техникалық кешенде үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру, қателер мен бұзушылықтарды анықтау, оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
  6. Шоғырландырылған есепті және басқа да жиынтық есептілікті жасау, заңды және жеке тұлғалар дебиторларын ажыратуға арналған өтінімдердің қалыптастырылуы мен орындалуын бақылау.
  7. Ай сайын дебиторлық қарызды төмендету бойынша іс-шаралар әзірлеу, тұтынушылармен шарт талаптарының сақталуын бақылау.
  8. Өтінімдер бойынша пайдаланылған электр энергиясы үшін тұтынушының электр қондырғыларын ажырату және қосу жөніндегі «АЖК» АҚ мен Филиал арасындағы өзара іс-қимыл регламентінің сақталуын күн сайын бақылауды жүзеге асыру.
  9. Тұтынушыларға тұтынылған электр энергиясы үшін қарыз туралы хабарламалардың уақтылы берілуіне бақылау жасау. Төлем жүргізбейтін тұтынушыларды дер кезiнде анықтау және дебиторлық қарызды өндiрiп алу бойынша шаралар қабылдау.
  10. Шағым және талап-арыз қою бойынша іс жүргізу үшін борышкерлер жөніндегі материалдарды заңгер кеңесшіге уақтылы беруді бақылау, сот шешімдері бойынша қарыздың өтелуін бақылауды жүзеге асыру.

 

Талаптар:

Бастықтың орынбасарының жоғары энергетикалық және/немесе техникалық және/немесе экономикалық (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 1 жыл және/немесе Компанияда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

 

 

Шарттары:

Қалыпты