«KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Талдықорған аумақтық электр тораптары ЭЖЖ өндірістік телімінің механигі
Лауазымдық (функционалдық) міндеттері:
1) АЭТ бастығының және Филиалдың МжКЦ бастығының барлық әкімшілік-техникалық өкімдерін орындайды;
2) ТАЭТ автокөліктерінің сенімді, үнемді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді;
3) жылжымалы құрамның техникалық жай-күйін бақылайды, қолда бар көлік құралдары мен механизмдерді жоғары өнімділікпен пайдалануды қамтамасыз етеді;
4) көліктік жолпарақтарын жазып береді және қабылдайды, норма бойынша жанар-жағармай материалдарының шығынын есепке алуды, көліктің жұмысы және ЖЖМ беру жөніндегі есепті жүргізеді, аккумуляторлық батареяларды есепке алу карточкаларын және автокөлік автошиналарының жұмысын есепке алуды және жазуды жүргізеді, GPS бақылау жұмыстарын жүргізеді;
5) аумақта өрттің шығуы мен тұтанулардың алдын алады;
6) ЖЖМ есептен шығаруға жолпарақтары бойынша деректердi енгiзедi, көлiкті пайдалану және ЖЖМ беру бойынша материалдық есептi ресiмдейдi;
7) ҚТ күнін өткізуге қатысады;
8) арнайы техниканың жарты жылдық техникалық байқауын өткізуді және ТАЭТ барлық автокөлік құралдарын жыл сайынғы тексеруді ұйымдастырады;
9) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды жүргізеді, апатқа қарсы іс-шаралардың және жарақаттануды болдырмау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылайды және ұйымдастырады;
10) инспекциялардың техникалық ұйғарымдарының және қауіпсіздік техникасы күндерінде белгіленген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді;
11) ТАЭТ абаттандыру, көгалдандыру бойынша іс-шараларды әзірлейді және іске асырады;
12) жол-көлік оқиғаларының және жүргізушілердің жол жүрісі қағидаларын бұзуының себептерін талдайды;
13) нұсқамалар (өндірістік және жұмыстарды қауіпсіз жүргізу қағидалары бойынша), техникалық оқу өткізеді;
14) бейнематериалдарды бейнетіркегіштерден Филиал серверіне орналастырады.
Талаптар:
Білім деңгейі |
Жоғары және/немесе орта кәсіптік білім |
Диплом бойынша мамандығы (бағыты) |
Жөндеу және техникалық қызмет көрсету саласындағы техникалық |
Жұмыс тәжірибесі лауазым бағыты бойынша |
автокөлікке техникалық қызмет көрсету саласында |
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
кемінде 3 жыл (жоғары білім), кемінде 5 жыл (орта кәсіптік білім) |
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жылдар |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар |
• Орындалатын жұмыс бойынша әдістемелік және басқа да материалдарды білу; • Автокөлік құралдарын пайдалану деректері мен техникалық пайдалану қағидаларын білу; • Жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету және жөндеу технологиясын және оны ұйымдастыруды білу; • Кәсібилік (адалдық, әділдік және кәсіби этика қағидаларын қатаң сақтау); • Электр қауіпсіздігі бойынша ІІІ біліктілік тобының болуы. |
Лицензиялар, сертификаттар |
• Жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болғаны жөн |
Қосымша талаптар |
• MS office тәжірибелі пайдаланушысы; • Қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндегенше) тілдерін білу. |
Еңбек жағдайлары:
- Біліктілікті арттыру жұмыс берушінің есебінен;
- Жұмыс кестесі: 5/2, 8:00-дан 17:00-ға дейін;
- Еңбек демалысы 30 к. б.
- Әлеуметтік пакет: тоқсан сайынғы және жылдық сыйлықақы, оқу демалысына ақы төлеу, еңбек демалысына материалдық көмек;
Жұмыс орны: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абылайхан көшесі 274а
Бос лауазым тұрақты болып табылады.
Түйіндемені қабылдау 2025 жылғы 12 қыркүйекке дейінгі (қоса алғандағы) мерзімде жүзеге асырылады.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар


