Бас менеджер - Корпоративтік оқу орталығының жетекшісі АО «Қазпошта» филиалы "Жалпы қызмет көрсету орталығы"
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- 1.Корпоративтік іс-шараларды басқару:
1) корпоративтік іс-шараларды, негізгі оқиғаларды жоспарлау;
2) Корпорацияның орталық аппараты, «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы бойынша корпоративтік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
3) корпоративтік іс-шараларды әкімшілендіру;
4) корпоративтік іс-шараны өткізу бойынша үйлестіру;
5) шығындарды көрсете отырып, корпоративтік іс-шаралардың жоспар-графигін қалыптастыру;
6) қажетті ресурстарды тарту арқылы корпоративтік іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын қалыптастыру;
7) корпоративтік іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарының орындалуын бақылау.
3.Ішкі коммуникациялар:
1) Ішкі коммуникациялардың іс-шараларын жоспарлау, талдау, мониторинг жүргізуге қатысу;
2) Корпорацияның орталық аппараты, «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы бойынша ішкі коммуникациялар.
4. Ақшалай емес сыйақыны басқару:
1) ақшалай емес сыйақы беру үшін қызметкерлердің өтінімдерін жинау және тізімін қалыптастыру;
2) ақшалай емес сыйақыны анықтау нәтижелері бойынша коммуникацияларды жүргізу;
3) ақшалай емес сыйақы алған қызметкерлер бойынша есептерді қалыптастыру.
2. Мақсаттардың орындалуын қамтамасыз етеді:
1) функционалдық бағыттардың жоспарларын ескере отырып, КУЦ қызметінің жылдық, тоқсандық, айлық мерзімдерінде жоспарлау, мониторинг жүргізу;
2) КУЦ функционалдық бағыттарының даму стратегиясы/іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша тоқсан сайынғы жинақталған есептерді дайындау және оларды Басқарма/Директорлар кеңесінің қарауына/бекітуіне ұсыну;
3) функционалдық бағыт шеңберінде HR практикаларының көрсеткіштерін келісу, тиісті талдау жүргізу үшін деректерді ұсыну;
4) функционалдық бағыт шеңберінде HR саясатын жаңарту бойынша ұсыныстарды келісу және әзірлеу;
5) HR стратегиясына сәйкес іс-шаралардың орындалу дәрежесі туралы есепті қалыптастыру үшін қажетті ақпаратты ұсыну.
Талаптар:
- Жоғары білім.
HR саласында сертификат немесе «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің «HR Академиясы» сертификатының болуы артықшылық. - HR, оқыту, заң, экономикалық талдау немесе психология саласында жалпы еңбек өтілі 2 жылдан кем емес.
Шетелде білім алған немесе HR саласында профильді білім алған жағдайда, аталған бағыттарда 1 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі қабылданады.
Шарттар:
- Демалыс күндері сенбі және жексенбі болатын бес күндік жұмыс аптасы, жұмыс уақыты (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін
- Астана қаласы, Кабанбай батыр көшесі, 17