"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС бюджеттеу және экономикалық зерттеулер департаменті бюджеттеу басқармасының бастығы
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.- Құрылған күні:
-
09.06.2025
- Берілген өтінім:
- 30
- Қаралған саны:
- 335
Талаптар |
|
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары |
Талап етілетін біліктілік |
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) |
Қызмет саласына сəйкес жоғары кəсіптік білім, тиісті мамандық бойынша магистр немесе ғылым дəрежесінің болуы (қызмет саласы/экономика/қаржы), бухгалтерлерді кəсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйымнан берілген сертификаттың болуы (бас бухгалтер үшін). |
Кəсіби саладағы жұмыс өтілі |
Ұлттық жəне/немесе халықаралық компанияларда жəне/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес салаларда кемінде 7 жыл жалпы жұмыс өтілі, оның ішінде кемінде 5 жыл профиль бойынша жұмыс тəжірибесі болуы (қажет болған жағдайда). |
Бейіні бойынша ұлттық жəне/немесе халықаралық компаниялардағы жəне/ немесе функционалдық бағыттарға сəйкес салалардағы жұмыс өтілі |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі |
Мұнай-газ саласындағы өндірістік/қызмет көрсететін компанияларда кемінде 3 жыл жұмыс тəжірибесі болуы. |
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім: |
|
- Қазақ тілін білу - Microsoft Office, Microsoft Project жəне басқа бағдарламалық қамтамасыз етуді білу - Ақпараттық жүйелерді, соның ішінде 1С ERP, SAP BPC-ны пайдалана білу - Жобалық шешімдердің экономикалық тиімділігін анықтау əдістерін білу - Қаржылық, басқарушылық, ХҚҚЕС (МСФО), салықтық есеп жəне есеп беру, құқық негіздерін, экономикалық талдау жəне Серіктестік қызметінің көрсеткіштерін есепке алу əдістерін білу - Серіктестік экономикасы мен жоспарлау жұмысын ұйымдастыру, еңбек жəне өндірісті басқару негіздерін білу - Серіктестіктің қаржы-шаруашылық қызметінің перспективалық жəне жылдық жоспарларын əзірлеу тəртібін білу - Серіктестік қызметінің көрсеткіштерін экономикалық талдау жəне есепке алу əдістерін білу -Жаңа техника мен технологияларды, рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарды енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау əдістерін білу |
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: |
|
-Төменгі қызметкерлерді, филиал қызметкерлерін, бизнес-жоспарлау мəселелеріне тартылған персоналды тиімді басқару дағдылары, сонымен қатар, Бірегей қатысушы (БҚ), оның еншілес ұйымдары жəне басқа тапсырыс берушілермен тиімді ынтымақтастық жасау дағдылары - Excel бағдарламасымен терең жұмыс істеу дағдылары - Құжаттаманы қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүйелеу, есепке алу жəне жүргізу дағдылары - Үлкен көлемдегі мəліметтер мен ақпаратты жүйелеу жəне құрылымдау дағдылары - Іскерлік хат-хабарларды жүргізу дағдылары - Қаржылық модельдеу дағдылары |
|
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер: |
|
Серіктестіктің (соның ішінде түзетілген) бизнес-жоспары/бюджетін жəне оның филиалдарының бюджеттерін жинау, талдау, қалыптастыру, консолидациялау, келісу жəне Серіктестік басқару органдарына қарастыруға жəне бекітуге ұсыну жұмыстарын үйлестіреді. Серіктестік пен оның филиалдарының тарифтерін есептеу, оларды келісу жəне Серіктестік басқару органдарына қарастыруға жəне бекітуге ұсыну жұмыстарын үйлестіреді. Серіктестіктің бизнес-жоспары/бюджетінің орындалуы туралы айлық (оперативтік), тоқсандық жəне жылдық есепті дайындау жұмысын үйлестіреді. Серіктестіктің жобалары бойынша кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алу жұмыстарын үйлестіреді. Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мəселелер бойынша ішкі құжаттарды əзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. |
Серіктестіктің активтерінің өтелетін құнын, жасалған келісімшарттар, жоспарлы көлемдер жəне ағымдағы қызмет көрсету шығындарын ескере отырып, есептеуді əзірлейді жəне жаңартады. Сатып алу, тендерлік өтінімдер, баға ұсыныстары жəне ерекше тəртіппен сатып алу өтінімдері мəселелері бойынша құжаттардың жобаларын құзыреті шегінде сараптайды. Тікелей басшының жəне Серіктестік басшылығының бұйрықтары мен тапсырмаларына сəйкес басқа да функцияларды орындайды. Серіктестік пен оның филиалдарының бизнес-жоспары/бюджетінде Серіктестік Бюджет комиссиясының қызметі мен құзыреті аясында дербес (ішкі) түзетулер жүргізу жұмыстарын үйлестіреді жəне бақылайды. Серіктестіктің бюджет тəртібінің сақталуын қадағалайды. Қызметтің негізгі көрсеткіштерін (бұдан əрі – ҚНК) əзірлеу, келісу жəне бекіту жұмыстарын үйлестіру жəне ҚНК-ның жалпы нəтижелілігін үйлестіру. Өзіне еңбек шарты жəне осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді атқарады. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының жəне Серіктестік ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды. Еңбек жəне орындаушылық тəртіпті сақтайды. Тікелей басшының бөлімшенің қызметіне жəне қызметкердің жұмыс мазмұнына қатысты басқа да тапсырмаларын орындайды. Осы нұсқаулықта көрсетілген уақытша жоқ жұмыскердің міндеттерін атқарады. Өзіне еңбек шарты жəне осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді атқарады. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау барысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының жəне Серіктестік ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды. Еңбек жəне орындаушылық тəртіпті сақтайды. Тікелей басшының бөлімшенің қызметіне жəне қызметкердің жұмыс мазмұнына қатысты басқа да тапсырмаларын орындайды. Осы нұсқаулықта көрсетілген уақытша жоқ жұмыскердің міндеттерін атқарады. |
Ерекше шарттар: * |
жоқ |
Ескерту: ** |
жоқ |
Анықтама: * Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі жəне бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат. ** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік жəне босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы жəне т. б.) |
Қажетті білім дәрежесі
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы